Қайрат Боранбаев: Назарбаевтар әулетімен туыстығымның бизнеске қатысы жоқ
Қазақстандағы ең бай әрі ықпалды бизнесмендердің бірі Қайрат Боранбаев бақылауындағы Қарағанды фармацевтикалық кешенінде дайындалатын ресейлік «Спутник V» екпесі туралы мақалаға байланысты Азаттыққа телефон шалған.
«Ол елдегі ең ықпалды отбасына жақындығы бизнесіне әсер етпейтінін айтып, сендіруге тырысты» деп жазды басылым. Қайрат Боранбаев Азаттық тілшісіне "Спутник V" екпесінен ешқандай пайда көрмейтінін айтқан.
Аталған мақалада Қазақстан бюджетінен коронавирусқа қарсы екпеге бөлінген қаржының бір бөлігі – экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның құдасы Боранбаев бақылайтын Қарағанды фармацевтикалық кешеніне түсетіні жазылған.
Боранбаев телефон әңгімесі кезінде тілшіге «Спутник V» екпесі (Қазақстан бойынша КВИ-ге қарсы қолданылатын жалғыз вакцина) өндірісінен қандай да бір табыс табуды көздемейтінін айтты. Сөзінше, екпе шығару – шығыны көп іс.
Боранбаевтың сөзінше, нақты шығынды атау қиын, себебі «зауыт жұмысын жалғастырып жатыр», ал ресейлік екпені дайындау «зауыттың ішкі шығынына кіреді» екен.
«Мен жалған жазғанды ұнатпаймын» деген Боранбаев Азаттық сайты мен желідегі парақшаларына шыққан «Covid екпесі: мемлекеттік келісімді Дариға Назарбаеваның құдасы алған ба?» деген видеоның сілтемесін жолдаған. Боранбаев Азаттыққа бизнес пен отбасылық байланысты «араластырмауы керек еді» дегенді айтқан.
Қарағанды фармкешенінің ресми сайтының дерегі бойынша, компания құрылғалы 50 миллион доллар инвестиция болған. Деректерге сай, компанияның былтырғы табысы 28 миллион доллар болған, кешен 860 мың доллар салық төлеген.
Қазақстандық Forbes журналы Боранбаевтың байлығын 519 млн доллар деп бағалайды. Ол фармацевтикалық компаниядан бөлек фитнес орындарын, сауда-ойын сауық орталығын, McDonald's желісінің Қазақстандағы франчайзиін иеленіп отыр.
Жарты сағатқа созылған әңгіменің соңында Боранбаев Азаттық тілшісін 9 ақпанда Қарағанды фармкешеніне шақырды. «Келіңіз, сізге көрсетеміз» деді. Азаттық Боранбаевтың шақыртуын қабыл ады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық