Айнұр Серғазиева желіде мәлімдеме жасады
Фото: Instagram / aineka_sergaziyeva
Күні кеше 30 жастағы Айнұр Серғазиева мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Желі қолданушылары оның парақшасын шолып, жас келіншектің бұл қызметке қалай тағайындалғаны туралы сауалдар қоя бастады.
Бүгін, Айнұр Серғазиева өзінің Instagram парақшасында мәлімдеме жасады.
«Менің тағайындалғаным туралы кешегі жаңалық жұртшылықты толғандырды. Көптеген өсектер мен сындар айтылып жатыр.
Мен қоғамда танымал болмағандықтан, барлығы қалай бар, солай айтайын:
- Бұл қызметке қалай келдіңіз? ҰАТ-та Президенттік резерві ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің цифрлық төраға орынбасарын іздеп жатқанын және оларды сұхбатқа шақырғанын айтты. Олар бірнеше адамды, соның ішінде мені де ұсынған. Мені мемлекеттік қызмет істері агенттігі сұхбатқа шақырған кезде ұсыныстар мен мәселелерді шешу жолдарын дайындадым. Осыдан кейін оны ҚР президентінің әкімшілігінде болған сұхбатымда айттым. Тағайындауға үш күн қалғанда мен негізгі үміткер екенімді білдім.
- Менің байлығым мен ауқатты туыстарым туралы сөздер жай ғана қауесет. Пәтерім ипотекаға алынған, ата-анам Оралда зейнеткерлер, сөмкелерімді сауда орталықтарынан алғанмын, ал Tiffany зергерлік бұйымдарым күмістен жасалған. Шенеунік қызметінде бұрын соңды болмағанмын. Күйеуім, балаларым жоқ. Қуанышыма орай, өз жалақымды өзіме жұмсаймын.
- Ал мемлекеттік қызметке не үшін келдіңіз деп сұрап жатқандарға айтарым: Елімізде жақсы әрі үлкен өзгерістер болу мүмкіндігін көремін. Өскелең ұрпақтың өкілі ретінде дамуға үлес қосқым келеді» деп түсіндірді Серғазиева.
30 жастағы Айнұр өз оқырамандарына жасаған ұсыныстары туралы да айтты.
Оның айтуынша, оның мақсаты – мемлекеттік қызметте меритократияға қол жеткізу.
«Ол үшін келесі міндеттерді шешуді жоспарлап отырмын:
1. Цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметшілерді іріктеу/жұмысқа қабылдау/жұмыстан босату үдерісін ашық ету.
2. ҚР Мемлекеттік кірістер қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау саласындағы уәкілетті орган болып табылатындықтан, мемлекеттік органдарға ақпарат бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша кері байланыс жинау процесін цифрландыру (клиенттік бағдарлау) қызметтер.
3. Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен мөлдірлігіне қол жеткізу үшін цифрландыру жүйесінде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру» деді Айнұр Серғазиева.
Сондай-ақ, ол ашық диалогқа дайын екенін алға тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық