Аймағамбетов жаңа оқу жылына дайындық туралы айтты
Асқар Мамин бастаған 11 тамыздағы үкімет отырысы кезінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021-2022 оқу жылдарына қатысты жоспарларды айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Аймағамбетовтың айтуынша, жаңа оқуға дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр.
– Оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, 34 апта болады. Сонымен қатар, жазғы мектепті ұйымдастыруға төрт апта қарастырылды. Жаңа оқу жылында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы санитарлық іс-шаралар қабылданады. Барлық мектептер, колледждер мен университеттегі қызметкерлер мен білім алушыларға маска кию міндетті болады. Барлығы Ashyq жүйесі арқылы жұмыс істейді, - деді Асхат Қанатұлы.
Министр санитарлық тараптарға сай дәстүрлі форматта оқу жүйесі туралы да айтты.
– Шектеулерді сақтай отырып, балабақшаларда 20-25 балаға дейінгі топтарда штаттық режимде жұмыс істеуге болады. Өз кезегінде мектептердің барлық 1-11 сынып оқушыларына қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып дәстүрлі оқыту форматын жүргізу, сонымен қатар колледждер мен ЖОО студенттері де осы форматта оқыту ұсынылады.
1 қыркүйекте болатын салтанатты іс-шара мектеп аумағында 1 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулығы «Әліппе» табысталады.
2-11 сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинетке барып, тақырыптық сынып сағатына қатысады,- дейді Аймағамбетов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық