Әйгілі математик Тоқаев әкімшілігіне қызметке тағайындалды
Белгілі қазақ математигі Ержан Сейітқұлов президент әкімшілігінің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Ақорданың баспасөз қызметі 4 желтоқсанда хабарлағандай, мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ол математик, физика-математика ғылымдарының кандидаты ретінде танымал. ЕҰУ Ақпараттық қауіпсіздік және криптология ғылыми-зерттеу институтының ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, ақпараттық қауіпсіздіктің математикалық мәселелері саласының маманы. 40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы.
2017-2018 жылдары Ержан Сейітқұлов қорғаныс министрлігінің қоғамдық кеңесінде жұмыс істеп, «Қазақстанның киберқалқаны» мемлекеттік тұжырымдамасын әзірлеуге қатысты. Оның бастамасымен білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» РМК болып белгіленген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік институт құрылды.
Сондай-ақ Тоқаев Өкімімен Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарған Ғани Өтенұлы Тілеубеков қызметінен босатылды.
Жаңалықтар
- Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам көз жұмды
- Боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді
- Алматы қаласында жүздеген миллиард теңге тиімсіз жұмсалған — Жоғары аудиторлық палата
- Президент қабылдауында болған Алматы әкімі не айтты?
- Тоқaев көлеңкелі экономикамен күресетін үш агенттіктің өкілеттігін кеңейтті
- «Жемқорлық пен саяси адалдық»: Си Цзиньпин жоғары лауазымды генералдарды қызметінен босатты
- Депутат Айдос Сарым «Бітімгерлер» тізіміне енгізілді
- Семейде сталкинг жасаған қыз тек бұзақылық үшін ғана айыппұл арқалаған
- Нұрай ісі: марқұмның ағасы желідегі бейнежазбаларға пікір білдірді
- Атырауда 19 күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды
- Жетісуда электр желілеріне бөлінген ақшаны жеп қойған аудан әкімінің орынбасары сотталды
- Шымкентте күдіктіні ұстау кезінде полиция қару қолданды
- Астанадағы көпір үстінде бірнеше көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты
- Жаңаөзенде терапевт-дәрігерді ауруханада өлтіріп кетті
- Айбек Смадияров Тоқаевтың баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды
- «Бір әріпке бола 10 жыл сандалдым»: Қандастар неге азаматтық ала алмай жүр?
- Алматыда танымал кәсіпкердің 16 жастағы қызы мектепте өзіне қол жұмсауға тырысқан
- Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
- Конституцияға 84% өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
- Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды