АЭС: Үлкенде үлкен өзгерістер бола ма?
Коллаж: Orda.kz
8 тамызда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылында алғашқы АЭС құрылысы бойынша жұмыстарының басталу рәсімі өтті. Неліктен алғашқы АЭС-тің кірпіші Үлкен ауылында қаланды? Ендігі сұрақ кішкентай ғана Үлкен ауылында үлкен өзгерістер бола ма? Жергілікті тұрғындардың қанша пайызы жұмысқа тартылады. Қандай жұмыс орындары ашылады? Жергілікті тұрғындар не дейді? Orda.kz тілшісі Үлкен ауылына барып, тыныс-тіршілігін біліп қайтты.
Еліміздегі тұңғыш атом электр станциясы салынатын жер таңдалды. Ресми құрылыс жұмыстары бойынша шараға рұқсат етілді. Былайша айтқанда процесс басталды. «Росатом» мамандары алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылап, топырақ үлгілерін алды. Зерттеулер жердің сейсмикалық тұрақтылығын, гидрогеологиялық ерекшеліктерін және басқа параметрлерін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу шамамен 18 ай жүргізіледі. Содан кейін АЭС-тің кірпіші қаланады. Топырақ үлгілері Жамбыл ауданының 3 нүктесінен алынды. Қайсысы қолайлы болса, сол жерде АЭС бой көтереді.




ФОТО: ORDA.KZ
Кішкентай ғана Үлкен атты ауыл Балқаш көлінің жағасында орналасқан. Orda.kz тілшісі АЭС-тің ресми ашылуынан соң ат басын Үлкенге бұрды. Бірақ, біз барғанда ауылда ешкім болмады. Көбі жұмыста екен, көшеде бірлі-екілі ойын қуған балалар ғана жүрді. Бұл жерде тұрақты жұмыс орны жоқ. Тұрғындардың көбісі сол маңдағы балық зауыты мен карьер қазумен айналысады. Вахталық және маусымдық жұмыстар болса соған барады екен. Алматыдан 5 сағаттық жерде орналасқан ауылда жалпақ тілмен айтқанда алыстан менмұндалап тұрған көгілдір Балқаштан басқа көз тойдырар ешқандай мәдени ошақ жоқ. Дегенмен, кішігірім балаларға арналған ойын алаңы мен аллея бар екен. «Кешқұрым жұрттың жиналатын жері осы ма?» деп қаласың.
Сонымен қатар, әкімшілік ғимараттар және аурухана деген атымен жоқ. Ал кішігірім дәрігерлер емханасы тұрғын үйдің ішінде орналасқан. Үлкендей ауылдың кішгірім атмосферасы осы.
Салтанатты шарада «Росатомның» бас директоры Алексей Лихачёв осы Үлкен өңірінде мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашылып, АЭС аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына себепші болады деп айтты.
«Еуропа, Азия, Африка немесе Оңтүстік-Шығыс Азиядағы нысандарымызда болсын, жоба іске асқан сәттен бастап санаулы жыл ішінде өңірлердің дамуында орасан серпіліс болатынын сеніммен айтамыз. Салынатын станцияның өзінде мыңдаған, ал оған қажет инфрақұрылымда ондаған мың жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін», – деді Лихачёв.
Ол жалпы өмір сүру сапасын арттыратынын айтып уәде берді. Сонымен қатар, «Росатом» басшысы АЭС салынатын аймақтарда мектептер салып, жергілікті жастарды атом энергетикасы мамандықтарына оқытуға мүдделі екені айтты. Не дегенмен бұл бір-екі жылдық емес, 10 жылдан аса салынатын үздіксіз бақылау мен маңызы ораса зор жоба.

«Біз үшін сол өңірлердің жастарын атом энергетикасы мамандықтарына оқыту тиімді. Сол үшін біз мектептер саламыз. Себебі олардың үйі, отбасылары осы жерде, өздерінің туған жерінде. Дәл осындай ортада болашақ атомшылар әулетін қалыптастыру біз үшін маңызды», – деді ол.
Есек сала кетейік, жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 14–15 миллиард доллар.
Ал тағы да 1 миллиард доллар өңірде әлеуметтік және заманауи инфрақұрылым салуға бағытталады.
Демек дәл осы 1 млрд доллардың күшімен Үлкенде үлкен өзгерістер болуы керек. Қазір қаңырап жатқан шалғайдағы мекеннің тұрғындары сапалы өмір сүріп мен балалары сапалы білім алуы керек. АЭС тек салынып ғана қоймай, бір қауым елдің гүлденуіне себепші болуы керек.
Сондай-ақ, АЭС құрылысына жергілікті шағын және орта бизнес өкілдерінің өнімі де тартылады.
Біз АЭС құрылысы бойынша жұмыстарының басталу рәсімінен соң журналистерге арналған пресс-конференцияда Үлкенге қатысты сұрақтарды атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Әсет Махамбетовке қойдық.

«Атом электр станциясында қазақстандық азаматтар еңбек етеді. Ресейлік тарап тек экспорттық ақша мәселесімен ғана шектеледі. Сондай-ақ Ресейге электр энергиясын беру мәселесі қарастырылған жоқ. Құрылысқа тартылатын 10 мың адам, АЭС-те жұмыс істейтін маман да толыққанды өз азаматтарымыз болады. Барып-келіп істемейді. 2000 адамның барлығы қазақстандық болады, 500-і ядролық-физика мамандары, қалғандары энергетиктер химиктер, әкімшілік мамандары. Біз өзімізде мамандар даярлап жатырмыз», — дейді Әсет Махамбетов.
Ал салтанатты шараға келген Үлкеннің тұрғындары көтеріңкі көңіл-күйде отырды. Олардың көбі тіршіліксіз қалған ауылдың гүлденіп, ең бастысы тұрақты жұмысы жоқ тұрғындардың жұмысы пайда болатынына және ауылда әлеуметтік әрі заманауи инфрақұрылымдар бой көтеретініне бек сенімді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық