АЭС Курчатов маңында салына ма? — Бектенов жауап берді
Фото: freepik.com
Үкімет басшысы Олжас Бектенов санеторлардың АЭС-ті Курчатов маңына салу туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бектенов Сенат депутаттары сауалына берген жауабында Қазақстанда атом электр станциясы бой көтеретін орын өзгермейтінін айтты. Атом саласын дамыту бойынша ведомствоаралық комиссия атом электр станциясы салынатын орын ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылының маңын айқындаған.
Дегенмен, бірқатар сенат депутаты Курчатов қаласына «ғылыми қала» деген мәртебе беруді сұрап, кейіннен осы қала маңында АЭС салуды ұсынды. Сенаторлардың түсіндіруінше, қала маңында желілік инфрақұрылым жақсы дамыған, АЭС салу және пайдалану бойынша жұмыстарды техникалық сүйемелдеуге қажетті ғылыми-техникалық база бар.
Бұл ретте Олжас Бектенов Курчатов қаласына «ғылыми қала» деген мәртебе беру бойынша қазіргі таңда Мәжілісте «Ғылыми ауқымды аймақтар туралы» заң жобасына өзгертулер қаралып жатқанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық