АЭС-ке қарсы шыққандар 2 айға қамалды
Коллаж Orda.kz
Orda.kz Алматыда АЭС құрылысына қарсы бір топ адам ұсталғанын жазған болатын. Құзырлы органдардың сөзінше олар жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп күдікті болып отыр. Алматыда атом электр станциясы құрылысына қарсы 12 белсендінің 6-уына тергеу соты 2 айға қамауға санкция берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыда атом электр станциясы құрылысына қарсы 12 белсенді тұтқындалды. Кейін олардың алтауы босатылды. Тұтқындалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Белсенді Ринат Рафхаттың хабарлауынша, ұсталғандардың ең үлкені 60 жаста. Оның айтуынша егде тартқан жандардың денсаулығы нашар, үнемі дәрі ішіп жүреді.
Orda.kz тілшісі олардың адвокаты Төлеген Берліқожаға хабарласып мән-жайды сұрастырды.
«Олар Қылмыстық кодексінің 272-бабы 1-бөлігі бойынша күдікті, яғни «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» деген айыппен сотталғалы жатыр. Өздері АЭС-ке қарсымыз деп айтқан. Сараптама мен тергеу құпия болған соң, егжей-тегжейлі айта алмаймыз. Сараптама тергеу ісі біткен соң ғана қолымызға түседі», — деді Төлеген Берліқожа.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық