Әйелін ұрғаны үшін 80 сағаттық қоғамдық жұмыстарға жегілді
Мас күйінде жұбайын ұрып-соққан ақтөбелік қоғам игілігі үшін күніне бірнеше сағат тегін еңбек етеді.
Отбасылық-тұрмыстық жанжал маусым айының соңында, ерлі-зайыптылар көршісінің үйіне бірге барғаннан кейін болды. Көршілеріне барған ер адам алкогольдік ішімдіктер ішкен. Үйге мас күйінде оралған төрт баланың әкесі, түн ортасында қызғаныштан әйелін бірнеше рет ұрған.
Осы факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 108-1-бабы бойынша "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша дереу қылмыстық іс қозғады және күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар, жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, әйелдің денсаулығына жеңіл зиян келтіру фактісі расталды.
"Сотта 46 жастағы айыпталушы өз кінәсін толық мойындады, ал жәбірленуші болашақта жұбайымен ажырасуға ниет білдіріп, мұндай жағдай оларда бірінші рет емес екенін айтты, бірақ ол бұрын полицияға жүгінбеген. Нәтижесінде әйелінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған қатысты 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде қылмыстық жаза тағайындалды. Сотталушы жазадан жалтарған жағдайда, ол қамауға алынуға ауыстырылады. Сонымен қатар, қылмыс мас күйінде жасалғанын ескере отырып, сот сотталушыға үш ай мерзімге алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салды" деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Қазіргі уақытта ер адам полицияның профилактикалық есебіне қойылып, ерекше бақылауға алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық