«Әйелі жетінші баласына жүкті» — Маңғыстау әкімі өзін өртеген ер адам туралы айтты
Фото: Видеодан алынған кадр
Маңғыстау облысының әкімі әкімдік алдында өзін өртеп, көз жұмған ер адам туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналистер Нұрдәулет Қилыбайдан 5 желтоқсанда Ақтауда болған қайғылы оқиғаға түсініктеме беруін сұрады. Әкіммен кездесе алмаған ер адам әкімшілік ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген еді. Нұрдәулет Қилыбай оқиғадан бір апта бұрын марқұм өмір сүрген Қарақия ауданына барып, азаматтарды қабылдаған екен.
«Мен екі күн болдым. Бірінші күні көшеде халықпен кездестім. Апаттық жағдайдағы үйлерді араладым. Екінші күні тұрғындарды таңертеңнен түнге дейін қабылдадым. Біз қабылдау уақытын шектемедік және барлық тілек білдірушілерді қабылдадық. Бұл адамның сол кезде келмегені өте өкінішті», - деді әкім.
Шенеунік қайғылы оқиға болған күні жиналыста болғанын айтты. Ал ер адамды оның қарамағындағылар қабылдаған.
Әкім марқұмның отбасына көңіл айтты. Қазір кәсіпкерлер ер адамның отбасына қамқорлық жасап жатқанын жеткізді. Марқұмның келіншегі балаларымен бірге Ақтауға көшуге ниетті екен.
«Олар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі. Әрі қарай көреміз. Жергілікті кәсіпкер балаларды оқыту мен асырауды өз мойнына алды. Бірақ біз қайтыс болған адамды қайтара алмаймыз. Отбасында алты баласы қалды. Біздің білуімізше, жұбайы жетінші балаға жүкті. Ер адамның неге бұлай істегенін түсіну қиын. Біз өз тарапымыздан қолдан келгеннің бәрін жасадық», - деді әкім.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық