«Әйелі мен 3 баласын тентіретті»: Пәтерді сатып ғайып болған подполковниктің былықтары
Фото: Жасанды зерде
Алматыда полиция қызметкері кәмелетке толмаған үш баласын баспанасыз қалдырды. Әйелі Динараның айтуынша подполковник қарызға белшесінен батып, әйелінің рұқсатынсыз бір үйді екі адамға сатып жіберген. Үш баламен далада қалған Динара жан-жақтан қысым көріп, әділдік іздеп жүр. Orda.kz подполковниктің жұбайымен тілдесіп, оқиғаның мән-жайын біліп қайтты.
Алматы қалалық полиция қызметкері, подполковник Якубов Нұрлыбектің әйелі Динараның айтуынша, ортақ баспананы әу баста мемлекеттен жалға алған.
«Бұл баспананы күйеуімнің арқасында алдық. Комуналдық қызметтерге қарыз болып кеттік. 2021 жылы сол қарызымен бізді тастап, басқа әйелге кетіп қалды. Тұрғын үй департаменті бізді сотқа беріп, үйді тартып алмақ болды. Біз бар қарызды құйып, үйді алып қалдық», — дейді әйелі Динара.
Жалдамалы үйдің 50 пайызын құйып, 50 пайызын несие жүйесімен аударуға мамандар кеңес берген. Адвокат іздеп табанынан тозған Динараға білікті адвокат мемлекеттің жалға берген үйі несиеге аударылмайтынын айтқан.
«Біз ол кезде жолдасыммен ажырасып кеткенбіз. Адвокат күйеуіңізбен келісімге келіп, некеге тұрып, мүмкін бөлісіп аларсыздар деді. Сөйтіп 50 %-ын құйғанымызда күйеуім 1,5 млн теңге қайта қарыз болып қалған. Бізге тұрғын үй департаменті қайта хабарласа бастады. Ол ақшаны да төледім», — дейді далада қалған әйел.
Күйеуі заңды некеге тұруды ұсынып жүрген. Алайда әйелдің күйеуіне сенімі болмаған. Десе де отбасындағы адам басына төленетін пәтерақыға бола әйел қайтадан заңды некеге тұрған. Бірақ пәтерақысын да, еңбекақысын да күйеуі бермеген.
«Күйеуім үйге ақша әкелмейді. Өзі бірге тұрып жүр. Кейін ол: «үйдің ақшасын толық төлеп тастадым, үйді сатып алдым» деді. Каспийден қарасам, үй балаларымның атында тұр екен», — дейді Динара.
Баспанасының сатылатынын Динара көршілерінен естіген. Олар хабарландырудан көрген. Қысқасы Алматы қалалық полиция қызметкері, подполковник Якубов Нұрлыбек әйеліне айтпай, үйді сатып жіберіп, үш баласын далада қалдырған көрінеді.
«Үйді екі адамға сатқан. Мен еш нәрседен хабарым жоқ. Сот орындаушы келгенде ғана баспанасыз қалғанымды білдім. Сот орындаушы шығасыздар деді. Сөйтіп он шақты адам келіп мені күштеп шығарғалы тұр. Мен 102 нөміріне хабарластым. Есікті ашпай қойдым. Есікті бұзып, қолымда күштеп ұстап алған. Біреуі камера ұстап келді, көшеде өрт сөндірушілер тұр», — деді Динара.
Ол үйдің иесі деген адам да, мамандар да қоқан-лоққы көрсеткенін айтты.
Динара заңды некеде болған кезде жұбайының отбасын тастап, басқа әйелге кеткені жанына қатты батқанын мәлімдеді.
Қазір Динара үш баласын жетелеп, табанынан таусылып, өзгелердің табалдырығын тоздырып жүр. Ал подполковник болған күйеуінен хабар жоқ.
Orda.kz редакциясы осы оқиға бойынша полиция департаментіне сауал жолдаған болатын.
«Н.Якубов ішкі істер органдарының қызметкері емес. Ол бұрын жұмыстан босатылған.
Сонымен қатар, бұл азаматқа қатысты қандай да бір шағымдар полиция департаментіне түспегенін хабарлаймыз», деп жауап берді полиция басқармасы.
Айта кетейік, Orda.kz тілшісі Қызылордада аяғы ауыр әйелін соққыға жыққан бұрынғы полиция қызметкері жайлы жазған еді. Оқиға болған күні полицей майор шенін алып, үйіне шылқа мас болып келген. Әйелін ұрып-соғып артынан буындырған. Жас жұбайын буындырып «өлтіріп алдым» деп ойлап үшінші қабаттан лақтырып жіберген. Толығырақ тілшіміздің мақаласынан оқыңыз.
Жаңалықтар
- Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Полицейге қатысты тергеу аяқталды
- Тексеріс болады: Блогер Сәуле Базархан қайтыс болған клиникада 2020 жылы тағы бір жас әйел өмірімен қоштасқан
- Қазақстанда Ресей компаниялары көп пе, әлде Өзбекстан алда ма?
- Павлодар облысында 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді, жедел штаб құрылды
- Биыл 3,9 миллион түлек мектеп бітірді, 13 175 оқушы «Алтын белгіге» үміткер
- Қандай мамандар сұраныста: Биылғы жылға арналған гранттар бөлінісі
- Шымкентте қылмыстық жолмен 500 миллионға жуық табыс тапқан 11 адамдық топ ұсталды
- 55 жастағы мұғалім 13,5 тонналық автобусты жалғыз сүйреп, екінші рет әлемдік рекорд орнатты
- 40 адамға дейінгі вагондар: Медеуде жаңа арқан жол пайда болады
- Айт қарсаңында құрбандық малы айтарлықтай қымбаттады
- Түркия полициясы Ердоғанның басты қарсыластарының штабын басып алды
- Regeneron ISEF 2026: Қазақстан оқушылары мараптақа ие болды
- Жұмбақ өлім: «Баламды қасақана өлтірді» — Ерзаттың анасы
- Астана қаласының әкімі президентке іске асырылып жатқан жұмыстар мен болашақ жоспары туралы баяндады
- Түрікменстанда жаһандық және өңірлік қатерлерге қарсы іс-қимыл талқыланды
- Ұлттық банк Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арнап коллекциялық монеталар шығарады
- Қазақстан KazSat-тан айырылса Starlink-ке тәуелді болып қалуы мүмкін: Депутаттар дабыл қақты
- 71 млн теңгелік пәтер: Алмасбек Садырбай ісінде жаңа деректер шықты
- АХҚО сотының «Газпром» мен «Нафтогаз» ісі бойынша шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды
- Қостанай облысында 14 жастағы жасөспірім бәстесіп суға секіріп, қаза тапты