Айдос Үкібай Путинмен жолыққан Назарбаевқа қатысты түсініктеме берді
Фото: Кремльдің баспасөз қызметі
Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапары жайлы Айдос Үкібай түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге сапары жайлы баспасөз хатшысы Айдос Үкібай түсініктеме берді.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапарының жеке, бейресми сипатта болғанын хабарлаймыз. Қазақстанның тұңғыш президентін Ресей президенті Владимир Путинмен көпжылдық достық қатынастар байланыстырады. Бұл байланыстар мемлекеттік өкілеттіктердің бар-жоғына қарамастан сақталып отыр» деп жазды Айдос Үкібай.
Сондай-ақ, Үкібай экс-президент әлемдік көшбасшылармен үнемі байланыста екенін атап өтті.
«Телефон арқылы сөйлесіп, жеке хат-хабар алмасып, кездесу өткізеді. Бұл тек Ресейге ғана емес, Түркия, Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Беларусь және басқа да мемлекеттерге қатысты. Мемлекеттік қызметте жоқ беделді саяси қайраткерлермен жеке кездесулер – қалыпты дипломатиялық тәжірибе. Мысалы, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен күні Ресей президенті Жапонияның марқұм премьер-министрі Синдзо Абэнің жесір әйелі Акиэ Абэмен де кездесті» деп жазды Айдос Үкібай.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Жеңістің 80 жылдығына арналған шараларға шақырылған. Алайда, Үкібайдың айтуынша, объективті себептерге байланысты ресми мерекеге қатыса алмады. Сондықтан Мәскеуге кейінірек жеке сапармен барды.
Айдос Үкібайдың сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тұрақты тұрады.
«Елден кетті деген мәліметтер шындыққа жанаспайдын» деп жазды Айдос Үкібай.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық