Аяжан Еділованың өліміне мемлекет те жауапты. Неге?

cover

Наурыз айының соңында орын алған аса қатыгездікпен кісі өлтіру оқиғасы елді дүр сілкіндірді. Екі күн іздеуден кейін Алматының ықшам аудандарының бірінен 19 жасар Аяжан Еділованың аяусыз бөлшектелген мәйіті табылды.

Тергеу нұсқасында студент қыз өзін өлтірген адаммен танысу сайттарының бірінде танысқан делінген. Аяжан кісі өлтірушінің пәтеріне қалай келді? Интернеттегі танысу сайттарын пайдаланушылардың қауіпсіздігін қорғау үшін мемлекеттік деңгейде шаралар қабылданған ба? Осы сұрақтарға Orda.kz. жауап іздеді.

Қылмыс жасалғалы төрт апта өтті. Содан бері оқиға орын алған ықшам аудан түк болмағандай, тыныш, бейбіт қалпында өмір сүріп жатыр. Аулада ойнап жүрген балалар, үлкендер өз істерімен айналысуда… Өмір өтіп жатыр.

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства

Ал 21 наурызда бұл тыныштықты полиция машиналарының аңыраған сиреналары бұзған еді. Қылмыс жасалған пәтер «осы-ау» деп шамалаған полицияға есікті бұзуға тура келді.

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства

Есіктің ар жағынан полицейлердің көргендері тек триллер фильмдерінде болатын көріністерді еске түсірді. Тоңазытқыштың ішінде пакеттерге салынған адамның мүшелері табылды. Ал ас плитасының үстіндегі кастрөлде - адамның басы…Бұл сұмдықтарды полцейлер өздерімен бірге келген қыздың туыстарына айта алмай қиналды. Мұның бәрі маньяк туралы қауесетке айналды. Ал негізінде оқиға қалай өрбіді? Сән Академиясының студенті Аяжан Еділованы өлтірген адам шын мәнінде маньяк па?

Орын алған сұмдық оқиғаның мән-жайы әлі де анықталуда. Әзірге белгілісі – Аяжанның 19 наурызда жұмыстан шыққан соң жоғалуы. Бұдан кейін оны ешкім тірі көрмеген. Ол бұған дейін ешуақытта мезгілсіз жүрмейтін, сондықтан Аяжанның туыстары бірден оны іздеуге шықты.

Айта кетерлігі, полиция оның жоғалғаны жөніндегі туыстары жазған арызды бірден қабылдамай, күте тұруға кеңес берді. Бірақ көмекке еріктілер келді. Аяжанның суреті әлеуметтік желілерге таратылды. Содан бастап біртіндеп жиналған ақпараттар легі оларды қала шетіндегі жаңа ықшам ауданға әкеліп тіреді.

Аяжан Еділованың өлімі оның сұмдық қатігездікпен өлтірілуінде ғана емес, сонымен қатар оның Badoo сайтында танысқан ер адамымен кездесуге барғандығында, – дейді полиция.

Таныстық сайттары

Соңғы жылдары жастар арасында таныстық сайттарының кеңінен орын алып отырғандығы мәлім. Онлайн-таныстықтар, әсіресе, пандемия кезінде екі-үш есе көбейгені рас, - дейді Қазақстанның Интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров. Карантин кезінде онлайн –таныстық қарым-қатынасты кеңейтетін қажетті құралға айналды.

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства
Шавкат Сабиров / сурет: news.myseldon.com

– Пандемия барлық қарым-қатынасты онлайнға айналдырды.Төрт қабырғаға қамалуға тура келгенде таныстық та, түрлі қатынастар да, кибербуллинг те, суицидтік топтар құру да, медиа жаңалықтармен танысу да, тіпті сатып алу да онлайнмен жасалатын болды, – дейді Сабиров.

Осылайша, қарым-қатынастың көзі – интернет ең қауіпті нысанға айналды, - деп жалғастырды өз ойын сарапшы. Таныстық сайты – өз құрбандығын іздегендерге табылмас алаң болды. Қасқүнемдер, қылмыскерлер мен жүйке ауруымен ауыратындар осы «алаңды» шарлайды.

– Біз интернеттің адамға қуаныш пен жақсы таныстықтардан басқа да түрлі сұмдықтарды көруіне әкеліп соғатынын ұмытып кетеміз. Ғаламторда өзін керемет адам етіп көрсеткенмен, оның мүлдем ондай адам емес екенін көре алмайтынымыз, өкінішті-ақ.

Алайда қазіргі заман ағымы осылай. Егер бұдан оншақты жыл бұрын интернет арқылы танысу оғаш қылық болып саналса, қазір - олай емес.

– Қазір жастардың интернет арқылы танысуы қалыпты нәрсе болып саналады. Ал, бірақ, біз қыздарымызды интернет таныстықтағы ең қарапайым қауіпсіздік шараларын білуге үйреттік пе? – міне, мәселе қайда? – дейді Интернет қауымдастығының президенті.

Ал 19 жасар студент қыз «интернет таныстықтағы қауіпсіздік ережелерін» білді ме? Одан хабары бар ма? Ол жағы беймәлім. Белгілісі - ол интернет-таныстықтың құрбанына айналды.

Аяжан Еділова – кім?

Аяжан Еділова – «Сымбат» сән Акдемиясының киім дизайны факультетінің 4 курс студенті, оқу озаты. Биыл соңғы курста еді. Дипломдық жұмысына дайындалып жүрген. Ательеде бос уақытында жұмыс істеп, интернет-дүкенде өз брендін ұсынатын. Ішкі потенциалы мол еді, – дейді ол туралы ұстаздары.

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства
Аяжан Едилова

Аяжан өз мақсатына табандылықпен ұмтылды. Өзінің сән брендін жасап шығарды. «Сымбат» сән Академиясында оқу, әрине, көп қыздардың арманы десе де болады. Ал Аяжан мұнда оқуға грантының иегері.

75-жылдық тарихы бар академияның жетістіктері аз емес. «Сымбат» оншақты жыл қатарынан халықаралық көрсетілімдерге қатысып келеді. Қазақстан мемлекеттік туының ең алғашқы эталоны мен ең тұңғыш президент штандартын да осы Академия жасап шығарған болатын.

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства

Дизайнерлік өнердің қыр-сырын үйренген Аяжан жоғары стипендиямен оқып, Академияны қызыл дипломмен бітіруге үміттеніп жүрген. Ол бірде бір рет сабақтан қалып көрген емес, - дейді ұстаздары.

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства

Студенттердің емтихандық эскиздері

«Сымбат» сән академиясының директоры Гүлнәр Уразымбетова «Аяжанның халықаралық байқауларға қатысуға мол мүмкіндіктері бар еді, оған тек былтырдан бері пандемия ғана кедергі болды», - дейді.

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства
Гүлнәр Уразымбетова / «Сымбат» сән Академиясының директоры

– Аяжан, әрине, байқауларға қатысатын еді. Ол ата-анасының жалғыз қызы болатын. Ата-анасы да бір үлгілі жандар. Онлайн режимге дейін олар Талдықорғаннан ата-аналар жиналысына келіп, қатысып тұратын.

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства
Томирис Кустова / Топтың кураторы

Топтың кураторы Томирис Кустова Аяжанның алған мақсатынан айнымайтын қасиетін атап өтті. Өте жақсы үлгеріммен оқи жүріп, ательеде өз мамандығы бойынша жұмыс істеді, инстаграмм парақшасы арқылы өз логотипімен жасалған дүниелерін сатып жүрді, – дейді куратор.

Аяжанның жоғалғанын хабарлаған да осы куратор еді.

– Аяжан кісіге көмектескісі келіп тұратын. Өкпелегіш емес-тін. Қазақи дәстүрде тәрбиеленген. Ол туыстарының үйінде тұрды. Алдына мақсат қоя білетін бала еді, - дейді кураторы.

Қайғылы оқиғадан кейін әлеуметтік желіде оның себептері туралы көптеген нұсқа айтылды. Таныстықтың романтикалық жағымен қоса коммерциялық тұстары туралы да әңгіме болды. Аяжанды білетіндер бұл нұсқалардың бірде бірі шындыққа жанаспайтынын айтып жатты.

– Түрлі қауесеттер айтылып жатыр ғой. Бірақ менің нақты білуімше, ол тектен тек танымайтын адаммен кездесуге баратын адам емес. Ол жұмыс істеп, өз брендін таратуға ұмтылып жүрген талантты жан болғандықтан, сол кездесуге жұмыс мақсатымен барған шығар деп ойлаймын. Ол адамға сенгіш, жаман ойламайтын, кім білсін, алданып қалған болар, – дейді топ кураторы.

Жаңа таныс

Бүкіл Алматы болып жоғалып кеткен Аяжанды іздестіріп жатқанда, «Нұркент» ықшам аудандағы пәтерлердің бірінде оның денесі бөлшектеліп, ыждахаттылықпен пакеттерге салынып, сыймай қалған бөліктері қаланың әр аудандарына тасталып жатты. Қылмыскер алдын ала тістерін қағып алып, басын пісірді. Енді дене бөлшектерінің Аяжандыкі екенін тек ДНК тесті арқылы ғана білуге болады.

Наурыздың 21 күні үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде бөлшектелген дене табылған пәтер иесі де ұсталды.

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства

Полицейлерді көре салысымен қылмыскер өзіне қол салмақшы болып, мойнындағы күре тамырын пышақпен осып жіберді. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды.

Әлеуметтік желілерде бір-екі күннен кейін күдіктінің суреттері жарық көрді.

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства
Суретте: 28 жастағы Рахманберді Төребеков

Ол Түркістан облысындағы шағын бір ауылда өсті. Алты жыл бұрын ата-анасы үш баламен Түркістанға көшіп келген. Рахманберді оқу озаты, Шымкенттегі медицина академиясына оқуға түскен. Адам анатомиясын жақсы біледі, өлген денені салқынқандылықпен бөлшектеуі сондықтан болар. Мектепті «Алтын белгімен» бітірген жігіт екінші курста үлгерімінің нашарлығынан медакадемиядан оқудан шығарылды.

Әлеуметтік желілерде таратылған суреттегі адам расымен Рахманберді ме деген сұраққа полиция да, прокуратура да тергеу құпиясына сілтеме жасап, жауап беруден жалтарды. Иә немесе жоқ деген ақпарат айтылмағаны, әдетте, тәжірибе бойынша «рас» дегенді білдіреді.

Көршілер болған оқиға туралы сыбырлап қана айтып жатса да, суреттегі ер адамның өздерінің көршісі екенін мойындап жатты. Ізетті, үйіне көп адам жинап шуылдатпайтын, қарапайым үндемейтін жігіттің тұрып жатқан пәтері оның ағасыныкі болатын.

– Оның ағасы өзінің отбасымен жұмыс істеуге шетелге кеткен. Содан бері мұнда Рахманберді тұрып жатыр. Бейсауат ешкім келмейтін мұнда, тіпті ата-анасы да. Ол күні де күдіктенетін ештеңе естімедік. Бәрі тыныш болатын, оқиға туралы біз тек полиция келгенде ғана естідік, – дейді өздерін атамауды өтінген көршілер.

Жақын маңдағы супермаркет қызметкерлері де қылмыс туралы естіген. Бірақ олар Рахманбердінің кісі өлімі болғанға дейінгі күнде, дәл сол күні де дүкенге бірнеше рет кіріп, сауда жасағанын, бірақ оның бойында адам күдіктенетіндей іс-әрекеттер байқамағанын айтты. Дүкен мен подъездегі бейнекамераларды полиция шешіп алды. Сол камерадағы көріністерден Аяжанның подъезге кіргені көрініп қалған. Бірақ ол кері шыға алмаған болатын...

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства
Подъездегі бейнекамерадағы көрініс

Тергеу нұсқалары бойынша қызды сол күні сағат 23-00 өлтірген. Көршілердің айтуынша полиция күдікті жігітпен үйге бірнеше рет келген, ол полицейлерге сыртта қоқыс жәшіктері төңірегінде әлденелерді айтып, көрсетіп жатқанын байқаған.

Роза Жүнісқұлова – Төребеков оқыған мектеп директоры. Оның бойынан ешуақытта оғаш қылықтар байқамағанын, ол үздік оқушы болғанын айтады.

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства
Роза Жүніскұлова / сурет: Facebook

– Мектепте оқыған жылдары ол дені сау бала болатын. Жүйке аурулары жөнінде тіркеуде тұрған жоқ, – деді мектеп директоры Orda.kz. тілшісіне.

Қазір ол тұрған пәтер мөрленіп, жабық тұр

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства

Есікте полицейлер ашып кірген іздер байқалады.

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства

Бұзылып ашылған есіктегі белгілер мен мөрленген қағаздардан басқа бұл есіктің аржағында болған оқиғадан еш белгі жоқ. Алайда оқиға туралы деректер шетелдік басылымдарға дейін жеткен.

Почему в убийстве Аяжан Едиловой есть ответственность государства

Кісі өлтіру туралы қылмыстық іспен арнаулы прокуратура айналысуда. Әзірге бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ. Бәрі «құпия» түрінде.

Интернет-қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бар ма?

Полиция тергеу құпиясына сілтеп үндемейді. Ал әлеуметтік желіні пайдаланушылар өздерін желідегі алаяқтардан, кісі өлтірушіден қорғайтын қауіпсіздік шаралары бар ма? - деген сұраққа жауап іздейді.

Шавкат Сабиров айтып отырғандай, сарапшылар қазір интернет пайдаланушыларды желідегі қылмыскерлерден қорғайтын мемлекеттік деңгейдегі бағдарлама қажет – деген пікірге келіп отыр.

– 2005 жылы қабылданған бағдарламада халықты компьютермен, интернетпен қамту жағына көп көңіл бөлінгенімен, оны желідегі қаскүнемдерден қорғау мәселесі айдала қалып қойды. Бұл туралы тек соңғы 5-6 жылда ғана мәселе көтеріліп жатыр.

Сабировтың айтуынша, интернеттің қауіпті жақтарының айтылмауының өзі – қазір халыққа төніп тұрған қауіппен бірдей! Осы бағыттағы Ұлттық бағдарлама болуы тиіс және ол сүхбат, телехабарларда, әлеуметтік билбордтарда айтылып, бүкіл халық алдында насихатталуы тиіс.

– Біз сандық жүйе деп жалауладық та, халықтың қауіпсіздігін ұмытып кеттік. Сандық жүйемен бірге келетін қауіптер айтылмай қалды.

Бұдан 7 жыл бұрын интернеттің әсері туралы жүргізілген кең ауқымды зерттеулер нені байқатты? Мамандардың айтуынша, адамдар бір-бірімен өмірдегі шынайы таныстық пен кездесуден гөрі интернет арқылы танысуға көбірек ниетті екен.

– Біздің балалар өзінің досы немесе құрбысымен барып кездесудің орнына интернеттегі танысымен көбірек уақыт өткізетіні анық. Балалар ғана емес, үлкендер де өздері хабарласып жүрген адамның қылмыскер екенін байқай бермейді. Өйткені интернетте олар өздерін керемет етіп көрсетуге мүмкіндіктер бар.

Соған қарамастан, маманның айтуынша, интернет таныстыққа тиым салуға да болмайды.

– Бір қызығы, таныстық сайтындағы адамдардың 90 проценті дұрыс адамдар. Олар осындай сайт арқылы танысып, үйленіп, балалы - шағалы болып жатады.

Аяжанның жағдайына қайта оралсақ, сарапшының айтуынша, Аяжанмен онлайн таныстықта оның танысы, қазіргі күдікті - өте ізеттілік көрсеткен. Егер ондай болмаған күнде Аяжан онымен кездесуге бармаған болар еді.

– Ең бастысы, ол Аяжанды қалай болғанда да келтіруі керек болды. Оның тарапынан Аяжан сескенетіндей қылық болмаған. Мәселе заңда да, жазада да емес. Мәселе, желі тұтынушысын қауіптен сақтануға үйретуде. Кейде, сол кездесуден қауіптеніп тұрса да – соған баратынын айтсаңызшы! Сол үшін, тұрғындарға қауіптен сақтанатын профилактикалық шаралар қажет, мысалы, қазіргі «маскасыз жүрме!» деген сияқты.

Шавкат Сабиров айтқандай, дәл қазіргі шақта, мемлекеттің интернеттегі қауіптерден сақтандыра алатын ешқандай шаралары жоқ кезде, ерте ме, кеш пе, Аяжанның өліміндей бір өлім болары анық еді. Сондықтан, Аяжанның өліміне, көбіне, біздің мемлекет те кінәлі.

– Біз бұдан он жыл бұрын мынаны үйретуіміз, айтуымыз, көрсетуіміз керек еді. «Қызым, интернетте өзінің жақсы жағын ғана айтып жүрген адам дәл сондай бола бермейді, абайла, кездесуге жалғыз барма, немесе, кездесуді көпшілік бар жерде өткіз, оңашалана берме» деп. Ең бастысы, ескертуді ойына салып қою. Ескертілген адам – қаруланғанмен бірдей деп бекер айтпаған ғой.

– Мұндай бағдарламаны бізге он жыл бұрын ойластыру керек еді. 5-10 жылға арналған бағдарлама. Өркениетті барлық мемлекеттерде, мысалы Сингапур мен Ресейде бұл ойластырылған. Ал біздегі жағдай – ол мемлекеттік деңгейдегі жіберілген қате, – деді сөз соңында Шавкат Сабиров.

Аяжан Еділованың өлімін анықтаумен арнаулы прокуратура мамандары айналысуда. ҚР Қылмысты істер Кодексінің 99 бабы бойынша «кісі өлтірді» деген күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда ол 15-20 жылға дейін бас бостандығынан айрылып немесе өмір бойы түрмеде отыратын болады.

Авторы: Сәуле Саденова

Аударған: Баян Таңатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар