Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы Аяжан Еділованы зорлады және айуандықпен өлтірді деп айыпталған Рахманберді Төребековке үкім шығарды.
Сот айыпталушыны 25 жылға бас бостандығынан айырды.
Сот жабық өтті, сотталушы алқабилер сотынан бас тартты.
Аяжан Еділованы өлтіру ісі - 2021 жылдың ең атышулы істерінің бірі. Студент Алматыдағы сұлулық салондарының бірінде жұмыс істеген. 19 наурыз күні кешке ол жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Ол үш күннен кейін өлі табылды.
Қызды айуандықпен өлтірген: денесін бөлшектеп, қоқыс жәшіктеріне тығып қойған.
Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Тәртіп сақшылары ол тұрып жатқан пәтердің есігін бұзған кезде, күдіктінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын анықтады. Оны ауруханаға апарып, күзет тағайындады. Ауруханадан шыққан соң оны абақтыға ауыстырды.
Алматы қалалық Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров қыз жоғалған күні әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездеспек болғанын айтты.
Бірақ марқұмның туыстары Аяжанның өзін жақсы танымайтын адаммен кездесуге кеткеніне сенбеген. Олар қыз оны жұмыс орнында кездестірді деп есептейді. Туыстары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан бұл мәселені жеке бақылауына алуын өтінді.
Күдікті зиялы отбасынан шыққан, жоғары медициналық білімі бар, көршілері оны тәрбиелі, мәдениетті адам ретінде танитыны белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық