Аяусыз ұрып-соқты — Дәнебаев түрмедегі азаптары жайлы
Фото: Бейнеден кадр
Атбасар колониясында болған азаптау оқиғасына қатысты сот процесінде 13 қараша күні соңғы екі жыл бойы қамауда отырған астаналық белсенді Тимур Дәнебаев куәгерлік берді, деп хабарлайды Orda.kz. vlast.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл іс бойынша 12 қызметкер сотталуда, оларға сотталушыларды азаптады деген айып тағылды. Сот отырыстары Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі сотта өтіп жатыр.
«Мені аяусыз ұрып-соқты, есімнен танып қалдым. Жиналып келіп ұрды», – деп Дәнебаев сотта мәлімдеді.
Сәрсенбі күнгі отырыста Дәнебаев колонияда көрген қорлықтарын үш сағат бойы баяндады. Ол өзін дәретхана жууға мәжбүрлегендерін, бас тартқан соң, ұрып-соққанын және басын унитазға батырғанын айтты. Дәнебаевты ұрып-соққан сәт түсірілген бейнежазба 2023 жылдың қыркүйегінде интернетте тарап кеткен еді.
«Өтінгеніме қарамастан, тоқтамай ұра берді. Резеңке таяқпен соққанда қандай ауыр екенін білсеңіз ғой. Геометриялық прогрессия секілді: бірінші соққы — төрт ұпайлық, екінші соққы — сегіз ұпайлық, үшінші соққы — он алты ұпайлық… Әр соққы сайын ауырсынып, шыдау мүмкін емес. Тек шыңғырумен болдым. Мені еш себепсіз ұрып-соқты, мен мұндай азапқа лайық емеспін», — деді Дәнебаев.
Дәнебаевтың айтуынша, колонияда шамамен 20 осындай азаптау оқиғасы болған. Бұл іс бойынша сот шілде айында басталды.
Атбасар колониясындағы азаптау әрекеттері мен соққы жасау сәттері көрсетілген бейнежазба интернетте тарағаннан кейін ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кінәлі қызметкерлердің теріс мінездемемен жұмыстан босатылатынын мәлімдеді. Алайда, жұмыстан шығарылған қызметкерлер азаптау әрекеттерін жоққа шығарып, оларды жұмыстан босату туралы шешім заңсыз деп атады.
2023 жылдың қыркүйек айының соңында Тимур Дәнебаев Астана тергеу изоляторына ауыстырылды. Биылғы жылдың басында ол тергеу изоляторында өзіне қысым жасалғанын мәлімдеген.
Тимур Дәнебаев 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Алматыға «20 мың террорист» шабуыл жасағанын айтқан президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарсы қылмыстық іс қозғауға тырысқан әрекетімен танымал болды. Белсенді президентті «жалған ақпарат таратты» деген айыппен қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен. Бірақ оның арызы қаралмады. 2022 жылдың қараша айында белсенді өзі тергеуге алынды. 2022 жылдың желтоқсанында қамауға алынып, 2023 жылдың маусым айында Астана соты Тимур Дәнебаевты «араздық туғызды» деп айыптап, үш жылға бас бостандығынан айырды. Белсендіге қарсы іс Полторанин деген адамның арызынан кейін қозғалды. Дәнебаев әлеуметтік желіде эфирге шығып, Ресейдің Украинаға басып кіруін және 2022 жылғы қаңтарда Қазақстанға ҰҚШҰ әскерлерінің енгізілуін сынға алған. Қазақстандық құқық қорғаушылар Дәнебаевты «саяси тұтқындар» тізіміне енгізді.
Қазақстан билігі саяси қудалаулар мен саяси тұтқындардың бар екенін жоққа шығарады. Алайда, Еуропарламент Орталық Азияға арналған қарарында Тимур Дәнебаевты саяси тұтқындардың бірі ретінде атап, оны босатуға шақырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық