Аятолла Әлиреза Арафи Иранда жаңа Жоғарғы көшбасшы сайланғанға дейін елді уақытша басқаруы мүмкін
Фото: Ашық дереккөзден
Аятолла Әлиреза Арафи Иранда жаңа Жоғарғы көшбасшы сайланғанға дейін елді уақытша басқаратын жетекшілік кеңесінің құрамына енді, деп хабарлайды Orda.kz үкіметтік ISNA басылымына сілтеп.
Аятолла Арафи Жоғарғы көшбасшының міндетін уақытша атқаруға жауапты Жетекшілік кеңесінің заңгер мүшесі болып тағайындалды, дем мәлімдеді ISNA басылымы.
«Конституцияның 111-бабына сәйкес, онда Конституцияны қорғау кеңесінің заңгерлер санатындағы мүшелерінің бірі уақытша жетекшілік кеңесінің құрамында болуы тиіс деп көрсетілген. Осыған байланысты Саяси мақсатқа сәйкестікті анықтау кеңесі аятолла Әлиреза Арафиді аталған кеңестің мүшесі етіп сайлады. Бұл ел басқаруының үздіксіз жалғасуын қамтамасыз етіп, Сарапшылар кеңесінің Жоғарғы көшбасшыны мүмкіндігінше тезірек сайлауына мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді Иранның Саяси мақсатқа сәйкестікті анықтау кеңесінің ресми өкілі Дехнави.
Келесі көшбасшы сайланғанға дейін Уақытша жетекшілік кеңесі жақын арада құрылады.
Иран президенті Масуд Пезешкиан өтпелі кезеңде жоғары көсем қызметін қоса атқарады. Марқұмның кеңесшісі, бірінші вице-президент Мұхаммед Мохбардың мәлімдеуінше, Иран Конституциясының 111-бабында мұндай жағдайда өтпелі үкіметті президент, сот билігінің басшысы және Иран сақшылары кеңесінің мүшесі басқаратыны айтылған. Жаңа көсемді 88 дін басшысынан тұратын үлемдер кеңесі сайлайды.
Бұл уақытта CNN телеарнасы аятолла Хаменеидің орнын басуы мүмкін бес адамның есімін атады.
Олар:
- Моджтаба Хаменеи – аятолланың 56 жастағы екінші ұлы. Ол Ислам революциясы сақшылары корпусымен тығыз байланыс орнатқан ықпалды адам;
- Әлиреза Арафи – 67 жастағы дін қызметкері. Қазір ол Үлемдер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүр;
- Мұхаммед Мехди Мирбагер – үлемдер кеңесінің мүшесі. Қазір қасиетті Құм қаласындағы Ислам ғылым академиясын басқарады;
- Хасан Хомейни – аятолла Рухолла Хомейнидің немересі. Қазір Хомейни кесенесін басқарады, мемлекеттік қызметтер атқармаған.
- Хашем Хоссейни Бушери – үлемдер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары.
Үлемдер кеңесі елдің жоғары көсемін бір мәрте ғана сайлаған. 1979 жылы аятолла Рухолла Хомейни қайтыс болып, оның орнына аятолла Әли Хаменеи келген. Соңғы Иран билігін 36 жыл басқарды. 86 жастағы Хаменеи 28 ақпанда таңертең АҚШ пен Израиль шабуылдары барысында қаза тапты.
Оқи отырыңыз:
- Пәкістандағы Хеменеи жақтастары БҰҰ ғимаратын өртеп, АҚШ консулдығына шабуыл жасады, қаза тапқандар бар
- Иран жаңа Жоғарғы көшбасшы сайлау туралы мәлімдеме жасады
- Иран Әли Хаменеидің отбасы мүшелерінің қаза тапқанын растады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық