«Аяғым қайда?»: Автобус апатынан соң аяғынан айырылған қыздың жағдай белгілі болды
Фото: журналист Гүлбану Әниятқызының Instagram парақшасынан
Астанада болған автобус апаты салдарынан қос аяғынан айырылған қыздың ағасы оның қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді. Зардап шеккен қыз қазір аяғын іздеп жылап жатқан көрінеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүлдіршіннің ағасы қыздың жағдай жақсы емес екенін, күндіз-түні аяғын сұрап жылайтынын айтты. Сонымен қатар Алуа өзін ауруханадан алып кетуді сұрайды екен.
Балалар омбудсмені Динара Зәкиева ауруханаға барып, қыздың жағдайын біліп қайтқан. Ол оқушының анасымен бірге оңалту және протездеу мәселелерін талқылады.
Еске сала кетейік, 2 маусым күні кешке таман Астанада жолаушылар автобусы «Самал» ықшамауданының маңында бағанға соғылды. Апаттан 15 адам жарақат алып, бір бүлдіршін қос аяғынан айырылды.
Сонымен қатар, зардап шеккендер «Еуразия» СҚ бөлімінен өтемақы алатыны мәлім болды. Оларға амбулаторлық немесе стационарлық емдеуге жұмсалатын шығын үшін кемінде 200 АЕК, яғни 786 мың теңге беріледі. Қазіргі таңда 15 адамның үшеуі ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Ал қос аяғынан айырылған қызға 19,6 миллион теңге беріледі.
Жаңалықтар
- Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ түрмесінен үндеу жариялады
- ШҚО-да жолдағы бала өліміне қатысты жол-құрылысы ұйымының бас инженері сотталды
- Қытай компаниясы Қазақстандағы кен орнын сатып алып рекордтық дивидендке қарық болды
- Қайын жұртын түгелдей қырып тастаған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- Айыппұлға ашуланған екі жігіт көшедегі камераларды қиратқан
- АҚШ пен Еуропада миллиондаған адам Трампқа қарсы наразылыққа шықты
- Алматыда LRT құрылысы үшін 270 жер учаскесі алынады
- Алматы полициясы әйелдерін «сыйға тарта салатын» имамды жазалады
- Ұлыбританияға жұмысқа орналастырамын деп 80 адамның 40 миллион теңгесін қағып алған
- АҚШ Таяу Шығысқа 3 мыңнан астам теңіз жаяу әскерінің келгенін хабарлады
- Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан «астық дағдарысы» болуы мүмкін
- Көлік салығына байланысты кімдердің шоттары бұғатталады?
- ТЖМ Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындарына ескерту жасады
- Трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды
- «Жер сағаты» акциясы: Қазақстан бір сағатқа жарықты сөндіреді
- Алматы құрылыс бақылау басқармасы заңсыз лицензия таратқан: қылмыстық схема әшкере болды
- БАҚ: Украина әскери қимылдарға арналған қаражат тапшылығына ұшырады
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- Түркістан облысында сталкинг бойынша алты іс сотқа жолданды
- Ресейдегі жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтардың жағдайы туралы СІМ мәлімдеді