«Аяғы салбырамай жерге тиіп тұрды»: Қаржаубай Нұрымов Нұрғанаттың қазасына күмән келтіреді
Коллжа: Orda.kz
Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Айтбек Амангелдімен ара-қатынасы туған інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың қазасынан кейін бұзылғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржаубай Нұрымов журналист Руслан Өтепбайдың YouTube-арнасына берген сұхбатында Шерзаттың өлімінен кейін отбасында болған жағдайларды айтты. Үйлері өртеніп, артынша Қаржаубай Нұрымовтың інісі Нұрғанат Ғайыпбаев көз жұмғанын БАҚ жарыса жазған еді. Оның айтуынша, дәл осы қайғылы жағдайдан кейін Айтбек Амангелдімен оның арасындағы түсініспеушілік басталған.
«Бір қайғыдан екінші қайғыға ұшырап жаттық. Інім Нұрғанат қайтыс болғанда, ол (Айтбек Амангелді) эфирге шығып, Нұрғанаттың өзіне қол жұмсағанын айтты. Бұл сол кезде-ақ маған да, туыстарыма да ұнамады. Ол неге көпшілікке олай айтады? Айтбек не тергеуші, не полиция емес, нақты солай айтатындай. Нұрғанат ешқандай да өз-өзіне қол жұмсамады. Менің ойымша, оны біреулер алдап шақырып, өлтірді. Өлетін адам тоғайға барып өлмейді. Асылғысы келсе, үй бар, қора бар. Оның үстіне, ол өмірден баз кешердей жағдайда болмады. Мен дәрігермін. Талай суицид жасалған жерге жедел жәрдеммен барғанмын. Аяғы салбырамай, жерге тиіп тұрған адамды «асылды» дегенді алғаш көруім. Ал Айтбек полицияның алдын ала айтқан нұсқасын халыққа «суицид» деп жеткізді. Оның дәл солай айтуға ешқандай құқығы жоқ еді», – деді Қаржаубай Нұрымов.
Ол сол сәтте Айтбек Амангелдіге түсіністікпен қарауға тырысқанын да айтты: «Бәлкім, халықты араңдатпау үшін солай айту керек болған шығар» деген ойда болғанын жасырмады. Дегенмен, олардың арасында осыдан басқа да түсініспеушіліктер болғанын айтты. Алайда ол мәселелерге нақты тоқталған жоқ. Ғайыпбаевтың өліміне қатысты іс біраз жабылып, қайта қозғалыпты. Қазір тергеу жүріп жатыр алайда, Нұрымов сұхбат барысында бұл іске қатысты «жабулы қазан жабулы күйінде қалады» деп күдікттенетінін айтты.
Сонымен қатар Нұрымов құқық қорғау органдары өткізген баспасөз мәслихатындағы жайтқа да наразы екенін білдірді. Оның айтуынша, брифингте көпшілікке тек өзінің қолына пышақ ұстаған сәті көрсетілген. Ал баласын бір топ адам анасының көзінше аяусыз ұрып жатқан бейнежазбасын ешкім көрсетпеген.
«Біз сол түнді ойласақ, жынды болып кете жаздаймыз. Олар менің пышақ алып шыққанымды көрсетті де, мені арандатушы деп атап кетті. Екі ортада төбелесті бастаған адам ретінде көрсетті. Ал енді шындыққа келер болсақ, айтыңызшы, сол пышақпен мен бір адамға болсын зиян келтірдім бе? Мен бұл сұрақты сотта да қойдым. Ол пышақтан ешкім жарақат алмады. Мен тек өз шекарамда өзгелерден қорғау мақсатында ғана пышақ алып шықтым. Тіпті көшеде итті барып тепсеңіз, ол да сізге қарап үреді. Яғни, адам саған шабуыл жасамақшы болса, әр адам өз-өзін қорғауға міндетті әрі құқылы деп санаймын», – деді марқұм Шерзаттың әкесі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық