Ай сайын 5 000 доллар - Антикор Әлтаевқа қатысты тергеу жайын айтты
Сурет: Н.Әлтаевтың instagram парақшасынан
Антикор тергеу барысында бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, сондай-ақ Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың ұсталуының кейбір себептерін жариялады.
«Н.Б.Әлтаев 2018-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқара отырып, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы А.И.Мырзахметовтен пара ретінде ай сайын 5000 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша алып отырған. Кейіннен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде жаңа лауазымды атқара отырып, Әлтаев 2019-2020 жылдар аралығында Мырзахметовтен пара алу мақсатындағы осы сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жалғастырған» делінген хабарламада.
Әлтаев барлығы 135 мың доллар пара алған, бұл әсіре үлкен сомаға жатады, деп хабарлайды Антикор.
«Пара «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты алуға жәрдемдесу, сондай-ақ Әлтаев жетекшілік ететін салаларда Мырзахметовтің мүддесін қорғау және жүргізу үшін берілген» делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жариялаған жазбада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық