«Air Astana» компаниясына 7 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды
«Air Astana» әуе компаниясына 7 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БӘҚА).
«Халықтың әуе билеттері бағасының тұрақты өсуіне қатысты өткір сыны аясында, әсіресе сұраныстың жоғарылауы кезеңінде (жазғы демалыс уақыты) ҚР ӘЖК көлік прокуратурасымен бірлесіп, Air Astana әуе компаниясына қызметтік аудит жүргізілді.
Аудит нәтижелері бойынша «Air Astana» әуе компаниясының әрекетінде әрбір билеттен жанар-жағармай үшін негізсіз үстеме өндіріп алу көрсетілген әуе тасымалы нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды. 2023 жылғы 8 маусымда Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Air Astana» әуе компаниясына 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды» делінген хабарламада.
Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық