Air Astana басшысының жұбайы туыстарына жеңілдікпен билеттер алған
Фото: әлеуметтік желіден
FlyArystan компаниясының бұрынғы қызметкері Ренат Әбілзановтың қорғау тарапы Air Astana топ-менеджерлерінің туыстарына жеңілдетілген әуе билеттері сатылғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, билеттер басшылықтың нұсқауымен рәсімделген, оның ішінде әуе компаниясының басшысы Питер Фостердің жұбайына да жеңілдетілген бағадағы билеттер берілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық іс 2024 жылдың соңында Air Astana кассасында 1 миллиард теңгеден астам қаражаттың жетіспеушілігі анықталғаннан кейін қозғалған. Аудиторлық тексеруден кейін компания құқық қорғау органдарына жүгінген.
Іс бойынша үш адам айыпталуда: табыстарды есепке алу жөніндегі менеджер Еркін Исанов, сату менеджері Дәуір Еркенұлы және FlyArystan табыстарды басқару департаментінің экс-директоры Ренат Әбілханов. Олардың барлығы сот алдында жауап беріп жатыр.
Жуырда Әбілханов ашық үндеу жариялап, жеңілдетілген билеттер шенеуніктер мен журналистерге де берілгенін мәлімдеді. Дәлел ретінде қорғау тарапы хат алмасулардың скриншоттарын, соның ішінде Татьяна Фостермен жазысқан хабарламаларды да жариялады.









Сонымен қатар, «Air Astana» АҚ-ның үкіметтік байланыстар жөніндегі атқарушы директоры тарапынан жіберілген сұраныстар туралы да айтылды.
Air Astana компаниясы сот үкімі шыққанға дейін сот процесінің материалдарына қатысты пікір білдіре алмайтынын хабарлады. Әбілхановқа мүлкін тәркілеумен бірге 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Бас көлік прокуратурасы Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларына тексеріс тағайындады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, прокуратура екі авиатасымалдаушының қызметін тексеру үшін Азаматтық авиация комитетіне ресми талап жолдады.
Питер Фостер — британдық авиация менеджері, 2005 жылдан бері Air Astana компаниясында жетекші қызметтер атқарып келеді. 2022 жылғы дағдарыс кезінде Фостер Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау процесін жеке өзі үйлестірді. 2026 жылдың наурыз айының соңында ол бас атқарушы директор қызметі мен директорлар кеңесіндегі мүшеліктен кетті. Алайда, компанияда директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде қалады. Оның орнына 2017 жылдан бері қаржы директоры қызметін атқарып келе жатқан әрі 2003 жылдан бастап компания құрамында жұмыс істейтін Ибрахим Жанлыел тағайындалады.
Айта кетейік, Алматы облысында болған жол апатынан тағы бір үндістандық студент көз жұмды.
Жаңалықтар
- Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезіне не болды? Мәдениет министрлігі түсініктеме берді
- Әл-Фарабидегі апат: Күдікті заңға сай жаза алуға дайын екенін айтты
- Мұрат Әбенов: Кәсіпкерлік кодекс өзгерді, адамдар қаза тауып жатқан клиникаларды тексеру қажет
- Қайын әпкесіне 32 рет пышақ сұққан: Жангелдин ауылындағы қылмыстың жай жапсары
- Астана маңындағы ауылдағы көкпар жаттығуы оқушы өлімімен аяқталды
- Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуінде не айтылды?
- Сенат басшысы: Пара беруге уәде еткеннің өзі — қылмыстық жауапкершілік, туыстар бір мекемеде жұмыс істей алмайды
- Айдағы мобильді үй, электр жарығы, интернет: NASA адамзаттың алғашқы 30 күндік үйін салып жатыр
- Ақтөбе облысында бірінші сынып оқушысы мектепте бензин ішіп қойған
- Ертіс көпірінде жүргізуші бір топ баланы қағып, алтауы дәрігер көмегіне жүгінді
- ИРСК АҚШ-тың әуе базасына соққы жасады
- Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталады
- 1179 адам бетті жабатын киім кигені үшін жауапкершілікке тартылды
- Тоқаев Әзербайжан және Эфиопия президенттерін құттықтады
- Олжас Бектенов: Жетім балаларға тұрғын үй бөлу процесінің ашықтығы заңмен реттеледі
- Путин Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысады
- Мұхтар Ербаянның жағдайы күрт нашарлап жансақтау бөліміне түсті
- Әлем көшбасшылары Тоқаевты Құрбан айтпен құттықтады
- Павлодарда апатқа ұшыраған ұшақтың екінші ұшқышы жансақтау бөлімінде
- Атырауда аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты