Air Astana Алматы – Орал рейсінде жоғалған итке өтемақы төлейді
Фото: Pixabay
Сот шығарған қаулы бойынша Air Astana компаниясынан жоғалған ит үшін өтемақы өндірілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласы, Түрксіб ауданының соты жолаушының ұшу кезінде жоғалған итіне қатысты істі қанағаттандырды. Оқиға былтыр 30 сәуір күні иесі Малинка есімді итті тасымылдағаннан басталған. Багажға тапсырылған ит Оралға қонған кезде жоқ болған. Әуе айлағының қызметкерлері иттің багажға жібергенде шығып кетіп, ол аэродром аумағынан қашып кеткені жайлы хабарлады және оны табу мүмкін болмады.
Малинканың иесі 1 млн теңге көлеміндегі материалдық залалды, тасымалдауға төленген 18 мың теңгені және 5 млн теңге сомасындағы моральдық шығынды өтеуді талап етіп арыз берді.
Сот талқылау кезінде авиакомпания багажды, оның ішінде жануарларды сақтауға жауапты деп шешті. Алайда моральдық зиян қаражаты 500 мың теңгеге дейін төмендетілді. Сондай-ақ, сот авиакомпанияны тасымалдау құнын 18 мың теңге көлемінде қайтаруға және сот шығындарын 252 026 теңге көлемінде өтеуге міндеттеді.
1 млн теңгенің материалдық залалын өтеу туралы талап келтірілген залалды растайтын жеткілікті дәлелдің болмауына байланысты қабылданбады. Атап айтқанда, үй жануарларын ұстауға, емдеуге немесе жоғалтуға байланысты шығындарды дәлелдейтін құжаттар ұсынылмады.
Жаңалықтар
- «Аспаннан түскен байдың баласы емеспін»: Ерболат Жанабылов кінәсін ішінара мойындады
- Алдағы күндері Алматыда найзағай ойнап, Астанаға қар жауады
- Астанада өрттен үш бала опат болды: Құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды
- ҰҚШҰ бас хатшысы Тоқаевқа алдағы жоспарын таныстырды
- Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды
- Иранда өлім жазасына кесілгендер саны күрт артты
- Коронавирустың балаларға тез жұғатын жаңа штаммы пайда болды
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды