Аида Балаевның жасаған мәлімдемесі жаңа талқыға себеп болды
Фото: Ашық дереккөзден
Министр Аида Балаеваның «Бірақ» ток-шоуына қатысты жасаған мәлімдемесі әлеуметтік желіде талқыға себепкер болды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Күні кеше министр жасаған мәлімдемеден кейін әлеуметтік желіде қолданушылар өз ойларын ортаға салды.
Желі қолданушыларының жартысы бағдарламаның жабылуын қос қолдап қолдап отырса, тағы бір бөлігі «Қалаулым», «QosLike», «Бір болайық» сынды бағдарламаларды да қоса жауып тастау керек деген пікірге келді.
«Аталған ток-шоу жабыла салмай, осы бағдарламаны шығарған команда жауапқа тартылуы керек. Енді әйелге келтірген моральдық стресске кім жауап береді? Ол әйелге жала жауып, психологсымақтарға қаратып, диагноз қойғызып, балаларды тартып алмайтынына кім кепіл?» деп жазды желі қолданушылардың бірі.
Еске сала кетейік, 13 наурыз күні «Хабар» телеарнасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қозғалған «Бірақ» бағдарламасының шығарылымы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Аталмыш бағдарламаны жабу туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеме жасаған болатын.
«Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді. Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуі, кейіпкерді көпшілік алдында қорламауы қажет еді. Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады» деп жазды министр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық