Аида Балаева жаңа қабылданған заңды түсіндірді
Фото: Ашық дереккөзден
Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты жаңа заңды түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Құрметті достар! Бүгін Мемлекет басшысы көптен күткен және кеңінен талқыланған әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін күшейту туралы заңға қол қойды. Аталған құжаттың мәні мен маңызына тоқталып өтейін. Біріншіден, адамның қадір-қасиетіне, әлімжеттік пен қатыгездік көрсетуге, қорлауға қарсы нақты нормалар қарастырылған. Атап айтқанда, адам денсаулығына келтірілген жеңіл зиянға 50 тәулікке дейін қамау немесе 200 АЕК-ке дейін айыппұл. Қол көтергені үшін 25 тәулікке дейін қамау немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегу немесе 80 АЕК дейін айыппұл ретінде қылмыстық жауапкершілік көзделген. Ал егер осындай қылмыс кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты аса қатыгездікпен жасалса, онда қылмыскер 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Өз кезегінде кәмелетке толмаған немесе шарасыз жағдайда қалған жанды азаптаған не болмаса денсаулығына ауыр және орта деңгейде зиян келтірген, бала өлтірген немесе жыныстық қылмыс жасағандар үшін заңда бар ең ауыр жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген», - дейді Мәдениет және ақпарат министрі.
Сондай-ақ балаларға қатысты немесе отбасы тұрмысында заң бұзушылықтарға ерекше талаптар енгізілді.
«Мәселен, оларға сот шешімімен медициналық ұйымдарда, психологиялық емдеуден өту міндеттеледі. Ал отбасы мүшелерін қорғау мақсатында сотқа аса қажет болса олардың бір шаңырақ астында тұруына тыйым салу құқығы берілді. Жалпы тұрмыстағы осындай күш көрсету фактілеріне дереу шара қолдануына мүмкіндік жасау үшін өкілетті органдарға БАҚ-та жарияланған ақпаратты негізге алуға рұқсат беретін нормалар қарастырылған. Екіншіден, суицидтің алдын алу үшін адамның өз-өзіне қол жұмсауына себепкер болған тұлға үшін 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік артылады. Сонымен қатар өз-өзіне қол салуды үгіттейтін насихат үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл түрінде қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Ал буллинг мен кибербуллинг үшін 10 АЕК айыппұл төленеді. Үшіншіден, интернатта жататын балалардың құқығын қорғау мақсатында тиісті органдарға балалардың жататын жағдайын кедергісіз тексеруге құқық берілді. Осы арқылы мұндай ұйымдарда мемлекеттік бақылау ешбір ескертусіз жасалатын болады», - дейді Аида Балаева.
Сонымен бірге, отбасылық зорлық-зомбылықты алдын-алу мақсатында жаңа нормалар қарастырылған.
«Мәселен, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау, ерлі-зайыптылардың өзара және балаларды ұлттық отбасылық рухта тәрбиелеудің ортақ отбасы некелік, заңнамалық қағидаттарын бекіту ұсынылды. Осы орайда республикадағы отбасын қолдау орталықтары туралы арнайы норма қарастырылды. Өйткені, олар осы уақытқа дейін әртүрлі жағдайда жұмыс істеп келді. Бұл орталықта мемлекеттік отбасы саясатының, соның ішінде некені сақтап қалу, қиын жағдайға душар болған отбасы мүшелерін қолдау, зорлық-зомбылық көрген жандарды қамқорлыққа алу сияқты нақты міндеттерді атқарады. Өз кезегінде осы бағыттағы жұмысты үйлестіру үшін жергілікті атқарушы және сайланбалы органдарға бірқатар өкілеттіктер берілді», - деді Аида Балаева.
Сөз соңында министр желіде таралған баланы отбасынан ажырату туралы ақпараттың жалған екенін атап өтті.
«Бесіншіден, заң жобасында балаларды отбасынан ажырату туралы бірде бір норма жоқ. Ендеше, әлеуметтік желідегі осыған қатысты әртүрлі алып-қашпа ақпараттың бәрі жалға екенін жеткіземін. Құрметті достар! Мемлекеттің бұл бағыттағы саясаты ең алдымен отбасыны сақтап қалуды, баланың отбасында өсуін, ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызды рөлін көздейді. Естеріңізге сала кетейін, мемлекет отбасы ісіне тек баланың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда ғана араласып, бала құқығын қорғайды. Ана мен бала, олардың адами құқығы баршамыз үшін ең маңызды басымдық болуы шарт», - деді министр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық