Аида Балаева қазақ «жұлдыздарының» мінез-құлқына қатысты пікір білдірді
коллаж Оrda.kz
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі әлеуметтік желіде қазақ мәдениетінің танымал өнер адамдарының жөнсіз әрекеттері туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Аида Балаева мәдениет жай өнер мен ағартушылық, талғампаздық пен эстетикалық артықшылық емес, халықтың өркениетті негізі және кез келген қоғамның басты рухани өлшемі екенін еске салды.
«Өкінішке қарай, соңғы кездері белгілі мәдениет қайраткерлерінің заңсыз мінез-құлық көрсетулері жиілеп кетті. Біздің әрқайсымыз пендеміз, бірақ оның салдары заңды бұзу болмауы керек! Ал мәдениет қайраткері деген атақтың өзі адамгершілік пен тәртіптің қоғамдық қағидаларын құрметтемеуге шыдамайды.
Мәдениет саласының қызметкерлері қоғам алдындағы, әсіресе өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілігін түсінуі керек. Әрине, танымал тұлғалар, жұртшылықтың сүйіктілерінің заң бұзғаны өте алаңдатады.
Лауазымы, танымалдық дәрежесі, атағы мен қоғамдағы орнына қарамастан, заң бәріне бірдей. Мемлекет осы қағидаттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі керек» деп жазды министр.
Балаева барша қазақстандықтарды қоғам алдындағы жауапкершілігін ұмытпауға және өзара құрметке, заңдылық пен мәдени мұраға негізделген болашақ құруға шақырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық