Ахметзакиров Сот әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

cover

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Наиль Ахметзакиров Сот әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Мемлекет басшысының өкімімен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.

Ахметзакиров 2019 жылғы мамырдан бастап Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін басқарды.

Бұл қызметке дейін 2018-2019 жылдары Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

2017-2018 жылдары Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын басқарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар