Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына ескерткіш ашылды
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған іс-шараларға қатысу үшін Қостанай облысына келді.
«Ұлтына ғұмырын арнаған Ұлы тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Сенат спикері ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хатын оқып берді.
«Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасы еліміздің тарихында ерекше орын алады. Ол халқымыздың басынан өткен қиын-қыстау кезеңде көрнекті қызмет атқарды.Шынында, Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы ұлтына адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Халқымыздың қасиетті борышы – Алаш қайраткерлерінің есімдерін мәңгілік қалдырып, ұлағатты істерін жалғастыру» делінген ел Президентінің құттықтауында.
Мәулен Әшімбаев Қазақстанда Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталды.
— Мерейтой аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ахмет Байтұрсынұлының есімі елді мекендер, көшелер, нысандар атауларында мәңгілік қалады. Оның туған жерінде шағын кесене бой көтерді. Мұражай-үйі салынды. Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттау алдағы уақытта да жалғасады, - деп сендірді Мәулен Әшімбаев.
Торғай өңіріндегі Алаш қозғалысының қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына арналған ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Сенат Төрағасы осынау киелі өлкеден бір емес, бірнеше біртуар адамдар шыққанын, олардың арасында Абылай ханның серігі Шақшақ Жәнібек, Амангелді мен Кейкі бар екенін атап өтті. Сонымен қатар халықты ағартушылыққа, бірлікке, ұлтжандылыққа шақырған Ыбырай Алтынсарин да осы өлкеден.

Конференция барысында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов облыстың оңтүстік өңірлерінің инвестициялық әлеуетін атап өтті.
— Бүгінде бізде 4,4 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін бірқатар инвестициялық жобалар бар. Облыстың оңтүстік өңірлерінде Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарындағы сияқты жалпы сомасы шамамен 465 млрд теңгені құрайтын 35-тен астам жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, облыстың оңтүстік өңірі бай рухани, мәдени және тарихи мұрасының арқасында жоғары туристік әлеуетке ие екенін де Архимед Мұхамбетов өз сөзінде атап өтті.
Сонымен қатар, сапар барысында Сенат Төрағасы өңірде орын алған өрттердің зардаптарын жоюға атсалысқан еріктілермен әңгімелесті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық