Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің түсірілімі басталды
Алматыда қазақтың көрнекті қоғам қайраткері және саясаткер Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің түсірілімі басталды.
Фильм қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері және саяси публицист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, түсірілім тобын Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмурзин басқарады. Нұрмұхамбетов «Жаңғақ ағашы» фильмі үшін Пусан халықаралық кинофестивалі (Оңтүстік Корея) «Жаңа ағымдар» секциясының гран-при иегері. Режиссердің «Уақыт жолдары» атты соңғы картинасы осы жылы Францияда прокатқа шықты. Оның серіктесі Ерген Тоқмурзин көптеген деректі фильмдердің қоюшы режиссері болған.
Картинаның сюжеті Ахмет Байтұрсынұлының өмірінің барлық кезеңдерін қамтиды.

Басты рөлде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды. Біз бұрынғы тергеу изоляторының ғимаратында жайғасқан түсірілім алаңында белгілі актермен сұхбаттастық.
– Бұл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильм. Оның өмірі, қоғамдағы істері және ең бастысы, оның күресі туралы. Бұл мемлекеттің арнайы тапсырысымен түсіріліп жатқан үлкен жоба. Байтұрсынұлы – біздің мақтанышымыз.
Менің ойымша, біздің жас ұрпақ осындай фильмдерді көруі тиіс. Өйткені, Ахмет ағаның жасаған істері, Алаш Орда қайраткерлерінің ерлігі – бүгін кездеспейтін батылдық. Сондықтан сол кездегі оқиғаларды заманауи көрерменге көрсету керек, – дейді актер.
Сондай-ақ, картинада Назгүл Қарабалина, Александр Багрянцев және Ерлан Кәрібаев бой көрсетеді.
Түсірілім негізінен – Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында жүрді. Қоюшы оператор – Марс Омаров. Бас продюсер – Дастан Атығаев. Сценарий авторы – Ғалым Доскен.
Жаңа жылға дейін авторлар 14 ауысымды түсіруді жоспарлап отыр. Фильмнің негізгі бөлігі келесі жылы түсіріледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық