Ағза саудасы: Қазақстандағы бүйрек сатқандардың басшылары белгілі болды

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында 29 сәуір күні бүйрек сатқандар мен бүйрек алғандардың сот отырысы өтті. Судья — Еркін Майшынов, прокурор — Ринат Саят болды. Кезекті сот отырысында екі куәгерден жауап алынды. Олар отырыста қылмыстың басында тұрған кім екенін және отаны кім жасайтынын ашық айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл сот отырысында бүйрек алып, сатқандар қайда және қай ауруханада, тіпті қай хирург маман ота жасағанын айтып берді.
Әрине, елімізде адам ағзасының заңсыз саудаға түскені, оның Алматыдағы ең беделді ауруханалардың бірінде болғаны елдің жағасын ұстатты. Еске салар болсақ, алдыңғы сот отырысында судья айыпталушылардың аты-жөні мен суреттерін жариялауға рұқсат етпеген. Себебі айыпталушылардың балалары буллингке ұшырауы мүмкін. Судья — Еркін Майшынов келген БАҚ өкілдеріне қайта ескерту жасап, аттарын жарияламауды сұрады. Материалдағы кейіпкерлердің аты өзгертілген.

Бұл қылмыстық топ тек Алматы қаласының маңында ғана емес, бүкіл Қазақстанда бүйрегі ауыратындармен дәлірек айтсақ, диалезде жүретіндермен байланыс орнатып, өз пиғылдарын іске асырып отырған.
Осы сот отырысында Ақтөбе қаласындағы куәгерден онлайн жауап алынды. Данеля деген адам бүйрегін сатқаны үшін айыпталып отыр. Оның бүйрегін сатып алған куәгер Ақтөбеден онлайн қатысып, оқиғаны баяндай бастады:
«2022 жылы Сызғанов ауруханасында бүйрегімді ауыстырдым. 1 наурыз күні еді. Бәрі былай басталды. Бүйрегім ауырған соң, диалезге баратынмын. Соңғы уақытта диалездің көмегі азая бастады. Бүйрек ауыстыруға бел будым. Халықтан көмек сұрап, жылу жидым. 11 миллион ақша жиналды. Жан-жақтан сұрастырып, іздестіріп жүргенімде біреу хабарласты. «Қолдағы қаражатпен бүйрек ауыстырып беремін» деп. Арада біраз уақыт өткен соң, саябақта кездестік. Бүйрегін беретін бір әйел, сосын бетперде киген, көзілдірік таққан бір жігітпен кездесіп, қолымдағы қаражатты ұстаттым», — деді куәгер.
Судья бетперде киген ер адамның кім екенін қайта-қайта сұрады. Куәгер «Есімде жоқ. Түрін көрмедім» деп жауап берді.
Ақтөбедегі күәгерге бір бүйрегін берген Данеля бұл сотта айыпталушы болып отыр. Куәгерге заңсыз бүйрек сатып алғаны үшін қылмыстық іс қозғалған. Бірақ кінәсін мойындап, өкінгені үшін іс қысқартылған.
Онлайн қатысып отырған Данеля куәгердің жалған сөйлегенін айтып, лезде сөзге араласты.
«Неге өтірік айтып отырсың? Біз кездескенде бетперде болған жоқ. Бірге шәй ішкенбіз. Ол кезде Абай, Бауыржан, мен және куәгер болдық. Сол жерде Абай Бауыржанды «барлығын осы кісі ұйымдастырады, басшымыз осы кісі» деп таныстырған. Қазір куәгер не себепті өтірік айтып отырғанын білмеймін», — деді айыпталушы Данеля.
Куәгер бірнеше рет ота жасатқан соң, есте сақтау қабілеті нашарлағанын айтты.
Прокурор Ринат Саят: «Айтыңызшы, бүйректі қаншаға сатып алдыңыз, қолдарына қанша ұстаттыңыз?», — деп сұрады.
«Бүйректі 12 миллионға сатып алдым. Саябақта қолдарына ұстаттым», — деді куәгер.
Артынша покурор: «Құжаттар қалай рәсімделді?», — деген сауал қойды.
«Ата-анамның және нағашы апамның төл құжаттарын сұрады. Кейін Данелямен бірге нотариусқа бардық. Сол кезде бізге «бөлеміз» деп айтасыңдар деп үйретті. Ота алдында комиссиядан өттік, экранға қарап отырдық. Сұрақ қойылды. Данеляны бөлем деп айттым. Ота біткеннен кейін дәрілерді алу үшін «Сенім» деген топқа қосты», — деді куәгер.

Прокурор: «Данеля, барлығын ашып айта берсеңізші. Болар іс болды. 12 миллионнан сіз қанша алдыңыз, отаны кім жасады», — деп сұрады.
«Бауыржан ақшаны өзім бөліп беремін деп айтты. Аурухана алдында маған 6 миллион берді. Отаны Ислам Құрбанұлы жасады», — деді айыпталушы Данеля.
Айта кетер болсақ, есімі аталған Абай есімді ер адам бұл іске не күдікті, не куәгер ретінде тартылмаған. Дереккөзіміздің айтуы бойынша Абай кісі өлімі бойынша айыпталып, өз жазасын өтеп жатыр.
Судья куәгерге: «Қазақстанда бүйрек сатып алуға болмайтынын білесіз бе? Сізге бүйрегін берген Данеля істі болып отыр», — деді.
Сонымен қатар Еркеш деген азаматтан бүйрек сатып алған Кәмилә есімді әйел де сот алдында жауап берді. Ол 8 жыл диалез алған. Кәмилә диалез орталығында адамдармен сөйлесе келе осындай топтың, яғни бүйрек алып сатуға көмектесетін топтың барын естиді.
«2022 жылдан бері мен 8 жыл диалезге бардым. Бұларды мен өзім іздеп таптым. Бауыржанның (қылмыстық топтың басшысы) нөмірін тауып өзім хабарластым. «Жиналған ақша бар» дедім. Қалқаманда кездестік. 15 миллионға келістік. Барлығын енді өзім реттеймін деді. Маған Еркеш бүйрегін берді. Нотариусқа бардық. Барар алдында бізді дайындады. Мен нотариуста Еркешті інім деп таныстырдым. Қалқаманда 10 миллионды бердім. Қалған ақшаны ота жасаған соң беремін деп келістік. Еркештің өзіне ота біткен соң 3 млн бердім», — деді Кәмилә.
Куәгер ретінде сөз сөйлеген Кәмиләнің да үстінен заңсыз бүйрек сатып алғаны үшін қылмыстық іс қозғалған. 65-баппен өкінгендігі үшін іс қысқартылған. Сот отырысында Кәмилә мен Еркеш бірін-бірі танып, «кінәсін мойындап, заңсыз екенін білмедік» деп айтты.
Судья куәгер Кәмиләға: «Қазір денсаулығыныз қалай?», — деп сұрақ қойды.
«Бүйрек ауыстырғаннан кейін қатты жақсара қоймады. Бүйректің қан қысымы жиі көтеріледі. Қазір омырауым ауырып, рак диагнозын қойып берді», — деді Кәмилә.
Кәмиләға бүйрек сатқан Еркештен прокурор құжатты қалай жасатқандарын сұрады.
«Нотариусқа бөлесі екенімді айттым. Ота жасардың алдында Сызғанов ауруханасының алдында күйеуі әкеп берді. Жалпы алты миллион теңге алдым. Негізі сегіз миллион деп келіскенбіз, екі миллионы берілмеді», — деді айыпталушы Еркеш.
Айта кетер болсақ, заңсыз бүйрек сатқаны үшін бұл адам мүгедек дәрежесін ала алмай жүр.
Прокуродың айтуы бойынша екі куәгер қашып жүр. Сот залында прокурор судья Майшыновтан күштеп алып келу туралы шешім шығаруын сұрады. Судья өтінішін мақұлдап, 12 мамырда сағат 10:00-де сол қашып жүрген куәгерлерді сотқа күштеп алып келуді прокурорға тапсырды.
Жаңалықтар
- Ақтөбе соты марқұмды туыстарына айтпай жерлеген полиция басқармасын жазалады
- Нұрсұлтан Назарбаев бірінші жұбайымен қоштасу үшін Алматыға келді
- Ақтауда жаяу жүргінші өтетін жолақта 2 баланы көлік қағып кетті
- Астанада экс-депутат ақша жымқырғаны үшін сотталды
- Павлодарда мәңгілік алауда би билеген қыздарға қатысты сот отырысы өтті
- Сара Назарбаева дүниеден озды
- Қазақстанда қыз алып қашқандар 7 жылға дейін сотталады
- Тоқаев көлік министріне сөгіс жариялады
- Грекияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды
- Парижде алғаш рет қазақ-қырғыз айтысы өтеді
- Таразда мәслихат депутатының не үшін соққыға жығылғаны белгілі болды
- Алматыда Тасмағамбетов сатқан жер телімі заңсыз болып шықты
- Танымал адвокат Шерзаттың сотындағы прокурорлардың өрескел қателіктерін көрсетті
- Моншадағы қызды жасырын камераға түсіріп, бүкіл ауылға таратқан жасөспірімдер ұсталды
- Қостанайда өгей қызын зорлаған ер адам асылып қалды
- Жаназада бір бума ақша шашу дәстүрде бар ма?
- Шымкентте лайк баспаған қызметкерлерін жазалаған шенеунік қызметінен босатылды
- Крипто миллионердің қызын тапа-тал түсте ұрлап әкетпек болды
- «Соттың қателігі»: 38 жыл түрмеде отырған адамның жазықсыз екені анықталды
- Кірістілігі депозиттерден жоғары облигациялар