Ағылшын білмесең, оқудан шығасың: Нархоз университетінде не болып жатыр?
Фото: narxoz.edu.kz
Нархоз университеті ағылшын тілін меңгермеген студенттерін оқудан шығарып жатыр. Бұл туралы Әділ Балтабаев өзінің инстаграм парақшасына жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналистің мәліметінше, оған Нархоздағы цифрлық технологиялар мектебінің 10 шақты студент хабарласып, наразылығын білдірген. Ағылшын деңгейі төмен болғандықтан, 100 шақты студентті оқудан шығарып жіберген және ол студенттердің бәрі мемлекеттік грантта оқыған.
Студенттердің сөзінше, олар оқуларын әрі қарай жалғастыру үшін ағылшын деңгейі кемінде В1 болу керек. Алайда ол әр 10 студенттің тек 1-інде ғана болатынын айтты. Деңгейі жетпеген студенттерге университет не ақылы оқуға ауысуға, не басқа ЖОО қарастыра беруін айтқан және оларға шешім қабылдау үшін небәрі 2 күн ғана уақыт берген.
«Мен Ғылым және жоғары білім министріне хабарластым. Кейін маған Нархоз университетінің өкілдері хабарласып, талапкерлер оқуға түсер алдын ағылшын тестін тапсыру туралы келісімге қол қоятынын айтты. Сондай-ақ оларға алдын-ала IELTS тапсырып, В1 деңгейін дәлелдейтін құжат алу ұсынылады. Қос тарап та болашақта тағдырын шешетін ағылшынша емтихан тапсыру туралы келісім-шартқа отырады. Кей студенттер мұндай жағдайға тап болғанымен аппеляцияға өтініш бермеген, ал кей студенттер ЖОО-дан шығып кеткен» – деп жазды Әділ Балтабаев өзінің Instagram парақшасында.
Журналистің пікірінше, университет тарапынан ешқандай да әділетсіздік болған жоқ. Өйткені талапкерлерге бұл жағдай алдын-ала ескертілді. Бірақ журналист не үшін университет ағылшын деңгейін талап етпей оқуға қабылдайтыны туралы ойлайтынын жазды.
«Әрине, бұл үлкен дауға алып келеді. Маған Нархоздың өкілдері мемлекеттік гранты жоқ тұлғалардың құқығын қабылдауға ешқандай құқығы жоқ екенін де түсіндірді. Сондықтан универ өз талаптарын оқу процесі кезінде ғана орындайды», – деді журналист.
Сондай-ақ ол бұл істі қайта қарау керек екенін, келген студент соңғы әрі нақты шешім қабылдағанына сенімді болып, университет қабырғасында өз оқуын әрі қарай еш бақылаусыз және еш талапсыз жалғастыру керек екенін алға тартты.
«Болып жатқан жағдайдан мен ешқандай кінәлілерді көріп тұрған жоқпын. Барлық тарап келісім-шарт бойынша әрекет еткен», – деп тағы да қорытындылады ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық