Ағалары 6 жыл бойы зорлаған: Жамбыл облысында 13 жасар қыз ана атанды
Фото: Freepik.com
Сенаттағы жасөспірімдер жүктілігіне арналған дөңгелек үстел барысында балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Динара Зәкиева кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылықтың ушығып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол Мойынқұм ауданының бір ауылында болған қылмысты еске салды, онда қыз баланы туыстары тұрақты түрде зорлап келген. Бұл жан түршігерлік оқиға туралы Orda.kz 2024 жылдың желтоқсанында жазған.
«Мен жыныстық қатынасқа еркінен тыс мәжбүрлеген, зорлаған соң ана атанған қыздарды жиі кездестіремін. Жақында Жамбыл облысында болдым, көп жылғы зорлық-зомбылықтан кейін 13 жасында босанған қызды көрдім. Оны алты жыл бойы екі ағасы зорлап келген», – деп мәлімдеді Зәкиева.
Түркістан облысының әлеуметтік қолдау орталығында қазір 13 пен 15 жас аралығындағы 16 кәмелетке толмаған ана бар. Олардың барлығы жақындарынан зорлық-зомбылық көрген.
«Олардың басым бөлігі өздеріне қатысты қылмыс жасалып жатқанын түсінбегенін мойындады. Олар, сөзбе-сөз келтірсем, «Барлық отбасының балалары осылай өмір сүреді», деп ойлаған. Бұл мәселенің ауқымын және оның алдын алу үшін тиімді шаралардың қажет екенін көрсетеді», – деп атап өтті балалар омбудсмені.
Халықаралық тәжірибеде зорлық-зомбылықпен күрес төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асады:
- Отбасымен жұмыс – қауіп факторларын ерте анықтау;
- Өзін-өзі қорғау және ақпараттандыру құралдары;
- Инфрақұрылымды дамыту – зардап шеккендерге уақтылы көмек көрсету;
- Құқықтық базаны күшейту.
Қазақстанда президенттің тапсырмасы бойынша әзірленген әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі туралы заң қабылданды. Онда зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, оның ішінде қолайсыз отбасыларды анықтайтын мобильді топтар құру және әр ауданда отбасын қолдау орталықтарын ашу қарастырылған.
«Бүгінде 112 орталық ашылды, тағы 109-ы құрылу үстінде. Мысалы, бұрын Түркістан облысында тек бір ғана орталық болған. Әйелдер мен балалар ауылдан қалаға баруға мәжбүр еді. Қазір аймақта 13 орталық жұмыс істеп тұр, тағы төртеуі ашылуға дайын», – деді Зәкиева.
Жаңалықтар
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты