Ағай менің төсімді ұстады: блогерді 11 жастағы қыздармен көңіл жарастырды деп айыптады
Коллаж: Orda.kz
30 жастағы блогер 10 жастағы бейтаныс қыздарды құшақтап, иіскеп, оларға естен тандырар хабарламалар жазады. Ер адамның ерсі қылықтарын бұрынғы әйелі Құлпынай Калменова өзінің инстаграм парақшасында жайып салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Танымал блогер Құлпынай Калменова өзінің инстаграм парақшасында күйеуі Қолғанат Жұмабаев 11-12 жастағы қыздарға сезімін білдірген хабарламаларын жариялады. Жұмабаев нөмірлерін «Айшам», «Тырысқағым» деп сақтап қойған қыздарға «Ғашық болып қалдым ғой», «Жаным, сұлуым» деген хабарламар жазған.
«Ол үлкен әйел, жезөкше, тоқалы болса мен былай ызаланбайтын едім. Бұл жерде кішкентай қыздар, әлі кәмелетке толмаған. Түнгі 12-де он жастағы қызға «мен саған ғашық болып қалдым ғой» деп жазған 30 жастағы ер адамның есі дұрыс па? Оның есі дұрыс емес, бұл қылмыс. Білмеймін қалай 5 жыл бірге өмір сүргенімді, мен қорқамын. Ясинді табыстауға қорқамын»,дейді Құлпынай Калменова.
Істің мән-жайы ашылғанда Құлпынайға Қолғанаттан қорлық көрген басқа да қыздар оқиғаларын баяндап, хат жаза бастады.
«Апай, мен бұл қыздардың жан құрбысы болғанмын. Ол топта мен де болдым. Бірақ олар мені топтан шығарып жіберді. Ағай менің төсімді ұстады. Мен ол ағайдан қорқамын. Қорқып мамама да айтқан жоқпын. Не істеймін, апай? Мына ағайды соттатыңызшы. Мен сізге жақтасамын» деген хат келген.
Құлпынай Калменова 10 жасар қыздың анасына жазып, күйеуінің қылықтары жайлы ескерткен еді. Қыздың анасы Калменованың фотоларды желіге салғаны үшін үстінен арыз жазатынын мәлімдеді


«Ол педофил емес, ол олардың ағасы. Біз Қолғанатты бір жылдан астам уақыттан бері білеміз, ол діндар адам. Мүмкін Құлпынай мұны хайп немесе ақша үшін істеп жатқан шығар, бірақ мен қызымның суреттерін желіде жариялауға рұқсат бермеймін. Видеоны жариялағаны үшін сотқа беремін», дейді қыздың анасы.
Сондай-ақ, Калменованың жариялаған жазбаларынан кейін Қолғанаттың отбасы мүшелері оған арыз берген. «Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» дейді Қолғанаттың туысқандары.
«Неге жала жабасың? Арыз жазамыз. Түрмеде шірітемін, мен сені», дейді Қолғанаттың анасы.
Бұл оқиғаға қатысты белгілі коуч Роза Әшірбаева да пікір білдірді.
«Қолғанат Жұмабаевтың өзінің балаларға арналған барбершобы бар, яғни Қолғанаттың балаларға қашан да жақын болған. Сондай-ақ өзінің бір миллион көрермені бар тик-ток парақшасы бар, контентті тек балалармен жасайды. Сіздерге бұл бір түрлі болып көрінбей ме?», дейді Роза Әшірбаева өз парақшасында.
Сондай-ақ, Салтанат Нүкенованың ісімен танымал болған Жанна Уразбахова істі қолға алатынын айтты.
Ер адамның іс-әрекетін талдау үшін білікті психолог Ержан Мырзабаевтың пікірін білдік.
«Бұл ересек адамның кішкентай қыздарға деген педофилдік қызығушылығы. Қыздардың өздері мұны түсінбеуі мүмкін, сондықтан олар хатқа жауап береді , бірақ 30 жастағы ер адам жағдайды толық түсінеді, қыздарды, ата-аналарды манипуляциялауға мүмкіндігі бар. Ол мұны қандай мақсатта жазатынын түсініп отыр, бұл жерде жауапкершілік тек оған жүктеледі. Сондықтан бұған жол беруге болмайды».
Сонымен қатар психолог мәселені талқылаймыз деп , хайп қуалап жүрген блогерлерге ескерту жасады.
«Балалар педофилиясы жайлы айтар кезде абай болу керек, қыздардың өздеріне қауіп төндіруіміз мүмкін, егер олардың есімдері, нөмірлері белгілі болса, олардың құпиялылығы бұзылады, ертең сыныптастарының арасында мазақ болады, сондықтан өте мұқият болу керек. Көптеген блогерлер бұл тақырыпты талқылаймыз деп, хайп жасауға тырысады, бірақ тақырыпты талқылау арқылы зиян да келтіре аламыз».
Неліктен ер адам кішкентай қыздарға қызығушылық танытады?
«Бұл психологиялық ауытқушылық. Егер адамда осындай белгілер болса, оны емдеп, бақылауғ алу керек. Бүгін бұл жай ғана хат алмасу, ертең ол одан да сорақы нәрсеге айналуы мүмкін».
Жаңалықтар
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
- 1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?
- Тоқаев Оңтүстік Африка халқын бостандық күнімен құттықтады
- «247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген»: Жанәбіловтер тергеумен келісімге келді
- Румынияда әйелдерді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
- Депутат Базарбек эмоциясын тежей алмай, «Болашақ» жүйесін қатаң сынға алды
- Қазақстанның жоғары білім саласында миллиардтаған шығын анықталды
- Мәжілісте түлектерді жұмыспен қамту туралы мәлімет сынға ұшырады
- Қылмыстық іс қозғалды: Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды балағаттаған әйел полицияға жеткізілді
- 1 мамырдан бастап не өзгереді: Төлемдер, маусымдық шектеулер және емтихан кезеңі
- Тоқаев Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
- ІІМ банк арқылы болатын алаяқтықтың жаңа түрін ескертті
- Тәрбиеші ұрған баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартқан
- Қазақстандықтардың деректерін сатқан: Астана мен Алматыда қылмыстық топ құрықталды
- Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
- Трамп қатысқан кездесудегі атыс: Шабуыл туралы не белгілі?
- Таяу Шығыс бойынша келіссөз өткізу алаңы ретінде Түркістан ұсынылды