Әскердегі сарбаздардың өлімі бітіп, енді лагерьдегі балалар бірін бірі өлтіруге көшті ме? - Қабден
Шортандыдағы дарынды балаларға арналған «Балдәурен» лагерінде 2008 жылғы ер бала жұмбақ жағдайда көз жұмды. Бұл туралы журналист, блогер Оңғар Қабден Facebook парақшасында жазды.
- Әскердегі сарбаздардың өлімі бітіп, енді лагерьдегі балалар бірін бірі өлтіруге көшті ме? Денсаулық сақтау министрлігі!Дәрігерлерің неге бала өлімін жасыруда? Щучинскідегі дарынды балаларға арналған «Балдәурен» лагерінде 2008 жылғы ер бала жұмбақ жағдайда көз жұмды. Ақтөбенің Хромтауынан 9 қаңтар күні келген 14 жасар Нұрдәулет Манап сол күні түнде анасына звондаған. «Мен қорқып жатырмын, басым, ішім ауырады» деп. «Анасы қой балам, қайдағыны айтпа. Вожатыйыңды тауып алып, соған айт» деген. Ол бұның баласымен соңғы сөйлесуі екенін қайдан білсін? Таңертең ұлының қазасын естиді. Әпкесі Фаризаның айтуынша, Нұрдәулет намысқой бала. Өзі домбыра үйірмесіне қатысатын, ешкімді боқтамайтын мәдениетті бала. «Сол намысқойлығына басып, өзін ұрғанын да айтпаған болу керек» дейді. Түске дейін дәрігері басқаша, вожатыйы басқаша, үшінші тарап басқаша айтқанмен, түстен кейін бәрі бірдей сайрайды. Дәрігерлердің қойған диагнозы сұмдық. Қатерлі ісік депті. О заманда бұ заман екі сағатта қатерлі ісік анықталып, адам өліп қалушы ма еді? Кімді ақымақ көріп отыр? Экспертизаға кірген жездесі «Арқасы мен іші көгерген. Соққыдан ішегі жарылып, ішіне қан кетуі мүмкін» дейді. Дәрігерлер болса ауырған кезде панкратин, активированный уголь бердік дейді. Балаға диагноз қоймай, ауруын анықтамай қалай дәрі берген? Анасына неге хабарламаған? Мектебіне неге айтпаған? Ана балалар омбудсмені Аружан Саинды қызметінен баяғыда босату керек еді. Мына істі қоғам болып көтерейік. Журналистер, әріптестер, таратайық. Нұрдәулеттің әпкесі әріптесіміз. Қолдау білдірейік. Жеткізейік жоғарыға. Он төрт жасар өспірімнің ісі жабылмасын! Таратыңыздар. Репост. Бұл істі қоғам болып назарда ұстайық, - дейді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық