Әскер азғындықтың ортасына айналып кетті – депутат
Парламент сенатының депутаты Геннадий Шиповских әскери қызметкерлер арасындағы өлім-жітім мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, ұсыныс айтты.
Халық қалаулысының пікірінше, әскер азғындықтың ортасына айналған. Сондай-ақ Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған комиссия жұмысын сынға алды.
«Әскер азғындықтың ортасына айналып кетті десек те артық болмас. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманда қанша жастар қыршындай кетіп жатыр. Аман барып, сау қайтпайды. Қасым-Жомарт Тоқаев жарлық емес әскери қатынастарды жою бойынша комиссия құрған. Менің ойымша, ол комиссия жемісті жұмыс атқармады. Қазақша айтқанда айдағандарыңыз бес ешкі, ысқырықтарыңыз жер жарады. Он екі мүшесі сау баласын әскерге жіберіп, мүгедек күйінде немесе табытын қарсы алу кімге жақсы?!
Егер аймақта сарбаз қайтыс болған немесе мүгедек болып қалған оқиғалар тіркелсе, бөлімшелердің басшылары жауапқа, тіпті сотқа тартылуы тиіс. Сонда ғана бізде тәртіп орнайды», - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық