Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалды Алматы маңындағы 2000 гектар жерінен айырылды

cover

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева мен жиені Қайрат Сатыбалды Алматы маңында 2 мың гектар жерінен айырылды.

ҚазТАГ редакциясына Алматы облысының прокуратурасы растағандай, аймақтық қадағалау органдары Назарбаева мен Сатыбалдыға байланысты жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды.

Жалпы көлемі 2 мың гектар құрайтын бұл жерлер Алматы облысының Жамбыл және Қарасай ауданында орналасқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар