Әлеуметтік төлемдерді аудару туралы қосымша SMS жіберіледі
Әлеуметтік төлемдер алушыларға ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ хабарлау процесін жетілдіру мақсатында Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыларға төлемдерді аудару туралы ақпарат бар SMS хабарламалар жіберу қызметі енгізілді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
Бұған дейін азаматтар тек зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы смс-хабарлама алатын. Енді зейнетақыны, жәрдемақыны, әлеуметтік төлемдерді және республикалық бюджеттен біржолғы төлемдерді және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдірген азаматтарға 2 SMS хабарлама жіберіледі: төлемдерді тағайындау және аудару туралы.
Бірінші хабарлама мәтінінде клиенттер: «Құрметті ЖСН! Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылданды. Сіздің банктік шотыңызға ақша аудару туралы хабарлама қосымша жіберіледі» деген хабарлама алады.
Екінші хабарламаның мәтінінде: «Құрметті ЖСН! Сіздің «Банктің атауы» банктік шотыңызда «төлем атауы» қаражаты есепке алынады. «Мемлекеттік корпорация азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Енді қызмет алушылар әлеуметтік төлемдердің аударылған күнін білу үшін қоңырау шалып отырмайды, Халыққа қызмет көрсету орталығына келудің қажеті жоқ» деген жазба бар деп түсіндірді Мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ыбыраев.
Айта кету керек, жыл басынан бері әлеуметтік-еңбек саласында 2 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, азаматтардың әлеуметтік төлемдерді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі және электронды үкімет порталы, банктік өтініштер, композиттік қызметтер сияқты басқа да көздер арқылы және проактивті түрде жүгінуі азайып барады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық