Әкімнің қаулысына қарсы шыққан жүзге жуық адам әкімдік алдына жиналды
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының 2 жасар баланы балабақшаға қабылдамау туралы қаулысына қарсы шыққан Сарыағаш ауданының балабақша қызметкерлері мен ата-аналар наразылық білдірді. Олар қаулының күшін жоюды талап етеді.
Сарыағаш ауданының тұрғыны Гүлнәз Қуандықова екі жасар баласын балабақшадан шығаруға қарсы. Оның сөзінше, 5 күн үйде баласына қарап отыруға мүмкіндігі жоқ. Мемлекеттен ешқандай әлеуметтік көмек алмайды.
– Бізге балабақша ауадай қажет. Баламды басқа жерге тастап кете алмаймын. Өзім қарап отырсам, табысымнан қағыламын. Жұмыс істемесем қалай тіршілік етемін? – дейді ол.
Әкімнің қаулысынан соң кіші топтарда жұмыс істеген балабақша қызметкерлері жұмыстан шығарыла бастаған. Оның бірі тәрбиеші Айдана Құралбаева да қысқартуға түскен. Күйеуі жұмыссыз. Мүгедек баласы бар. Отбасында жалғыз жұмыс істейтін ол да енді қалай күнкөретінін білмей дал. 2 жастағы балаларды мемлекеттік тапсырыссыз балабақшада ақылы қалдыру мүмкін емес дейді жиналғандар.
– Әкімдік ақылы топтарды ашуды ұсынды. Аймақта ақылы топ ашу мүмкін емес. Халықтың қалтасы көтермейді. Оның үстіне президенттің 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту туралы бұйрығы бар. Сол бұйрықтың өзін белден басты, – дейді өзін балабақша меңгерушісімін деп таныстырған Назым Жұмағұлова.
Жиналғандармен әкімнің орынбасары мен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшылары сөйлесті. Басқарма басшысының орынбасары Бауыржан Ахметовтың айтуынша, облыста 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар толық балабақшамен қамтамасыз етілмеген. Осы жоспар орындалғаннан кейін 2 жастағы балалардың жайы қаралады. Ал әкімнің қаулысынан кейін жұмыстан шығып қалғандардың жайы не болатыны белгісіз.
Түркістан облысында балабақшаға баратын 153 мың бала бар. Сарыағаш ауданының өзінде 2 жасар 14 мың бала балабақшаға барған.
Облыс әкімі «мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулыны 29 қыркүйек күні шығарған. Онда мемлекеттік тапсырыс 3 жастан 6 жас аралығындағы балаларға берілетіні көрсетілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық