«Әкімнің келінімен ойнамаңыз»: Жетісайлық көпбалалы ана жазықсыз сотталып кеттім дейді
Түркістан облысы Жетісай қаласының тұрғыны көпбалалы ана Динара Қазыбекова қала әкімі Тұрышбек Елшібаевтың келіні, Ақбота Сартаева заңсыз атаулы әлеуметтік көмек және қайтарымсыз грант алу үшін адамдардан ақша жинатқанын айтады.
Ақбота Сартаева Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Динара Қазыбекованың кәмелет жасқа толмаған жеті баласы бар. Күйеуі – мүгедек. Оның айтуынша, Ақботамен туыстары таныстырған.
- Өткен жылдың басында бөлем мен Ақбота үйге келді. «Әпке, атаулы әлеуметтік көмек пен қайтарымсыз грант алу үшін адам тауып беріңіз. Ақшамен шығарып береміз» деді. Мен көрші-қолаң, тамыр-таныстарға айтайын дедім. Сөйтіп 20 адам тауып бердім. Олар әрқайсысы 50 мың теңгеден беріп, 180 мың теңгеден атаулы әлеуметтік көмек алды. Енді ол адамдар бұл іске туыстарын тартып, жалпы саны 60 адамға жетті. Сұраған ақшасын берді. Бірақ олар қайтарымсыз грант та, атаулы әлеуметтік көмек те ала алмады. Сөйтті де сен бастадың деп берген ақшасын менен талап етті. Оларды әкімнің үйіне алып бардым, - дейді Динара Қазыбекова.
Қазыбекова әкімнің үйіне барғаннан мәселе шешілмегенін айтады. Бір жыл бойы «әкім де, оның келіні де жұрттан жинаған ақшаны қайтарамыз, мәмілеге келеміз» дегенімен, уәдесін орындамаған. Әкімнің келінінің де бұл іске қатысы бар екенін, қала әкімі Елшібаев бұл мәселемен таныс екенін дәлелдейтін аудио, видео жазбалар болғанымен «арада мен сотталып» кеттім деп күйінеді ол.
- Сот мені «Алаяқтық» бабымен кінәлі деп танып, бас бостандығымды 3 жылға шектеді. Тергеушілер қысым көрсетіп, «ақшаны алсаңыз да, алмасаңыз да істі мойныңызға аласыз. Әкімнің келінімен ойнамаңыз. Олардың жоғарғы жақта адамдары көп. Сотталмайды ешуақытта» деді. Жұрттан ақшаны жинап, әкімнің келініне бергенім рас. Екі ортада адам жинап бергенім үшін сотталдым. 60 адамнан 8 миллион теңге жинап алды. Көбіне ақшаны қолма-қол бердім. Банк арқылы аудардым. Неге мен сотты болдым, жеген адам жауапқа тартылмай құтылып кетті? Сот әділ өтпеді, - дейді көпбалалы ана.
«Сот кабинеті» жүйесінде Жетісай аудандық соты Динара Қазыбекованы кінәлі деп танып, бас бостандығын 3 жылға шектеу туралы қаулы ілінген. Қаулыда Сартаева Қазыбекованың айтқанын жоққа шығарғаны жазылған.
Сартаевадан Қазыбекова арқылы қайтарымсыз грант және атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жұрттан ақша жинатқаны, не жинатпағаны жөнінде сұрау үшін Orda.kz тілшісі хабарласқанымен, жауап алу мүмкін болмады.
Қазыбекова сот үкімі шыққаннан кейін де бар мән-жайды айтып, әлеуметтік желілерде бейнежазба таратқан. Бұған байланысты Сартаеваның қорғаушы Мырзабек Менісбаев аудандық сотқа арыз түсіріп, айыптауды терістеуді талап еткен.
- Сот тергеуі өтті. Қазыбекованың сөздері дәлелденбеген. Бейнежазбаны алып тастап, кешірім сұраса арызды қайтарып аламыз, - дейді қорғаушы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық