«Әкімдік қызметкері» Тоқаевқа хат жолдады
Биылғы жылдың қаңтар айында Жамбыл облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, Сарысуда алаяқтықпен айналысқан жалған «әкімдік қызметкері» ұсталды.
Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының бірнеше тұрғынынан әртүрлі уақытта бір мазмұндағы арыз түсті. Онда олар өзін «Ләззат» деп таныстырған әйелдің пәтер алып беремін деп сенімдеріне кіріп, қаржыларын иемденіп кеткені туралы көрсеткен. Әйел 13 адамның жалпы көлемі 8 миллион теңгеден астам ақшаларын алып, хабарсыз кеткен. Ол өзінің әкімдікте жұмыс жасайтынын айтқан және аудан орталығынан арзан бағаға кезексіз пәтер алып беремін деп алдаған.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.
Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 54 жастағы «М» есімді ешқайда жұмыс істемейтін Жаңатас қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлады полиция баспасөз қызметі. Бірақ редакцияға осы іспен тергеліп, қазір сот процесі өтіп жатқан Манар Ақтөрееваның қызы Салтанат Жаңабайқызы хабарласып, тергеудің біржақты тергеліп, анасының екі ақ адамнан ақша алғандығын, ал басқа 11 адам басқа екі әйелге бергендерін сотта айтқандарын жеткізді.

Салтанат Жаңабайқызының айтуынша, басқа 11 адамнан Рамазанова Сабрина және Каштанова Ділдаш деген кісі үйлеріне барып, жұмыс орындарында, әртүрлі жерлерде кездесіп, үй алу туралы уәде берген.
«Анамның құлағы естіңкіремейді, денсаулығында ақау бар. Сол арқылы өз ойын жасады ма білмеймін. Манар Актөрееваның пікір бойынша, анам өзінің алған екі адамын мойындап отыр. Бірақ Каштанова мен Рамазанова ақшаны өз араларында бөліске салған» дейді ол.
Салтанат Жаңабайқызы көмек сұрап, әділ тергеуді талап етті.
«Мен осы Жамбыл облысы департаментінің басшысы Арман Хакімбекұлына және Жамбыл облысының прокурорына, Жамбыл облыстық соттың төрағасына, менің анам Ақтөреева Манардың ісіне байланысты осындай 9 миллионға жуық ақшаны біздің отбасылық жағдайымыздың көтермеуіне байланысты, яғни анам екі факт бойынша алған 570 мың теңгені отбасымыз, туған туыс болып жинадық. Оның өзіне әрең шамамыз жетті. Соның өзіңде анамның құлағының естіңкіремейтінін ескере отырып, іске қатысы бар 11 жәбірленушінің ақшасын алған Каштанова мен Рамазанованың кінәларын мойындатып, әділ түрде шешіп берулеріңізді сұраймын. Анам өзі алған ақшаны мойындап отыр. Бірақ қалған ақшаны өтеп бере алмаймыз» деп жазды ол.
Сондай-ақ Манар Ақтөреевадан президент атына ашық хат келіп түсті.
«Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына! Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тұрғыны Ақтөреева Манар Шәкітайқызынан ашық Хат! Мен Ақтөреева Манар. 11.02.1968 ж туылдым. Мен қазіргі уақытта 190-бабтың 3 бөлімінің 4 тармағы бойынша күдікті ретінде 5 айдан бері қамақта отырмын. Себебі Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тергеушісі Есенбеков Қуаныш тергеу жұмыстарын бұрмалап маған Рамазанова Сабрина мен Каштанова Ділдәштың айтуымен тергеу кезінде жалған мәліметтер беріп, менің құлағымның ауыр еститіндігін, денсаулығымның нашарын, әлеуметтік жағдайымның төмен екендігін пайдаланып, жаланың барлығын маған жауып, өздері бостандықта жүр. 9 миллионды маған төлетуге және мені соттауға дайын. Тергеу кезінде РОВД қызметкерлері күш көрсетіп мойындатуға тырысты. Рамазанова Сабрина күйеуі екеуі қысым көрсетті. Мен өзім де Рамазанованың жәбірленушісімін 250 мың теңге бергенмін. Үй әперуге уәде етті. Соған сеніп, үй алу мәселесімен мені қылмыстық ісіне пайдаланды. Сізден соттың әділ өтуін және қайта тергелуін өтінемін. Рамазанова мен Каштанованы қылмыстық іске тартуыңызды сұраймын. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын және өмірін арашалап әділетті Қазақстан мемлекеті болуы тиіс емес пе?! Ең бастысы адам өмірі құрдымға кетпеуі керек. Қазіргі таңда сол екі азаматшаның кесірінен жазықсыздан жазықсыз 5 ай отырмын. Маған шындықты, әділдікті шешіп беріңізші. Өтінемін» деп жазылған ашық хатта.

Айта кетейік, сот процестеріне қатысуға хат жолданатын болады. Сот процесі бақылауда.
Автор: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды
- АҚШ Эбола вирусын жұқтырған науқастарын Африкаға орналастырмақшы, Кения соты қарсы шықты
- Қарағанды облысында өртенген үй мен шаруашылық құрылысынан 8 газ баллоны шығарылды
- Тоқаев: Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуы керек
- Жангелдиндегі отбасы өлімі: Туыстары бірнеше ай бойы марқұмдармен хат жазысқан
- «Есімімді кірлетуге жол бермеймін»: Михаил Шайдоров жалақы дауына қатысты мәлімдеме жасады
- Қазақстан халықаралық деңгейде «+7» телефон коды бойынша тең құқықты мәртебесін бекітті
- Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Қазақстан Ресейдің қазақтар көп тұратын өңірлеріне мектеп салады
- Тағы бір «Палау орталығы» өртенді, бұл жолғысы Астанада
- Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты
- Сот процесінде Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалды
- Қай маман иелерінің жалақысы 2,5 есеге дейін өсіп, үкіметтен қолдау көреді?
- Атырауда жасөспірім қатысқан оқиға бойынша төрт адам жауапқа тартылды