Әкежан Қажыгелдин Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды — БАҚ
Қазақстанның экс-премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы «DALA INCIDE» telegram-арнасы хабарлайды.
Арнаның мәліметінше, «Жаңа Қазақстан Назарбаевтың қарсыластарымен тіл табыса бастады».
«Тоқаев Қажыгелдинді қажетке жаратуда! Әкежан президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Әйгілі Әкежан Қажыгелдин бірталай уақыттан бері Президентке қызмет етуде. Әкежан Назарбаев әулетінің осал тұсын жақсы біледі. Отбасының Батыс банктеріндегі жинақтары, оффшордағы капиталы, жылжымайтын мүліктері туралы талай жылдан бері тынбай тергеу жүргізген Қажыгелдин қолындағы құнды мәліметтерді жұртқа жария етуге әзір. Назарбаев кланының ақпараттық шабуылына төтеп беру үшін Тоқаев экс-президенттің оппоненттерімен ымырласқан сыңайлы» делінген хабарламада.
Бұл туралы ресми мәлімдеме жоқ.
Сонымен қатар, «Қазақстанның қазіргі президенті мен шетелдегі оппозицияның ортақ жауы - Назарбаев кланы» делінген арна жазбасында.
Арнаның хабарлауынша Тоқаев Қажыгелдин айтқан кеңестерге құлақ түріп отыр. Оның бірнеше сұхбатында айтқан сөздерін президент қайталап отыр.
— Тоқаев қолындағы билікті пайдаланып Ұлттық құрылтай шақыруы қажет. Осы құрылтайда жаңа Конституция мен жаңа саяси құрылымдарды жасақтауға жол ашылуы тиіс, — деген еді Әкежан Қажыгелдин.
Құрылтай нәтижесінде марқұм Рахат Әлиевтің нұсқауымен сотталған азаматтар мен саяси тұтқындар түрмеден босауы керектігін айтқан.
Жаңа Конституция қабылдау туралы ұсыныс та Қанды Қаңтарға дейін Қажыгелдиннің аузымен айтылған еді.
— Тоқаев тарихта жақсы атпен қалғысы келеді! Мұның бір ғана жолы жаңа Конституция қабылдау. Жалпыхалықтық референдум өткізу. Ата заңның жаңа нұсқасын халық талқысына салып, соның негізінде билікті халыққа қайтарса абыройын сақтап қалады. Осының аясында Назарбаев әулетіне де кепілдік беріледі. Жаңа құжатта кезектен тыс президент сайлауын әділ өткізу заңмен бекітулі тиіс, – деді экс-премьер.
Арнаның түйіні бойынша, Конституцияға өзгеріс енді. Биыл кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Қазақстанның парламенттік республикаға ауысатынын да шым-шымдап жеткізген Қажыгелдин еді.
— Парламент ескі жүйе өкілдерінің шетелдегі есеп-шотында жатқан қисапсыз қаражатты елге қайтару үшін күреседі. Ел байлығын әр тұрғынға әділ бөліп береді, – дейді Қажыгелдин.
«Шетел асқан капиталдың ізіне түскен Қажыгелдин аста-төк ақша елге қайтарылса Қазақстанның әрбір азаматына айына 200-300 доллар тұрақты айлық төленіп тұратын заң қабылданатынын айтқан. Отыз жыл бойы «алтын сандықтың үстінде жалаңбұт отырған» халықтың Жаңа Қазақстаннан күтері де осы. Тоқаев пен Қажыгелдиннің күш біріктіргені рас болса, бұдан билік те, халық та ұтылмайды деп топшылаймыз» делінген арнаның түйіндемесінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық