Әкежан Қажыгелдин АҚШ Конресіне Құлыбаевқа санкция салуды ұсынды
Фото КазТАГ
Қазақстандық бір топ оппозициялық белсенділер бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын бизнесмендерге санкция салу барысындағы күресте Вашингтонның қолдауын алуға мүдделі.
Бұл туралы Intelligence Online хабарлайды.
Intelligence Online сайтының хабарлауынша, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин мамырдың екінші аптасында Вашингтонға баруды жоспарлап отыр. Ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, газ магнаты Тимур Құлыбаевқа және басқа да қазақстандық кәсіпкерлерге санкция салуға шақырғысы келеді.
Қажыгелдин қазақстандық активтерді қалпына келтіру бастамасының (KIAR) бөлігін қолға алмақшы. Ол Орталық Азияның қаржылық және саяси элитасына тиесілі шетелдік активтерді тергеу жөніндегі маман, британдық тергеуші Стивен Фицджон басқаратын Ventham Consulting фирмасынан көмек алады.

Сонымен қатар, Қажыгелдин Қазақстанның азаматтық қоғам коалициясы – Дөңгелек үстелдің атынан да қатысады. Қазір коалиция Вашингтоннан АҚШ Конгресінде қолдау табуға көмектесетін жаңа лоббист іздеп жатыр, деп жазады газет.
Бұған дейін қоғамның лоббисі Александр Беклес болды, онымен келісім-шарт 2023 жылдың қаңтарында аяқталды.
Испандық инвесторлар: Болат Назарбаев бізді алдады
Басылымның мәліметінше, Қажыгелдин сонымен қатар Scribe Strategies & Advisors компаниясын басқаратын лоббист Джозеф Славикпен байланыста. Славик Қажыгелдиннің 2021 жылдың желтоқсанында Конгресс мүшелерімен кездесуі үшін Вашингтонға соңғы сапарын ұйымдастыруға көмектескен кезде Дөңгелек үстелде Беклеспен бірге жұмыс істеген.
Славик қазір экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың активтерін испандық инвесторлар Нервис Херардо Виллалобос пен Торрес Моран Милагросқа қайтару жұмыстарына жетекшілік етуде. Соңғылары оларды Қазақстанның тұңғыш президентінің інісі алдағанын алға тартады. Славик АҚШ қазынашылығының Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) санкция сұрайды.
Лондонда бұрыннан тұрып жатқан Қажыгелдин де оппозиция жетекшісі Болат Әбілов пен қаржыгер Оразалы Ержанов құрған «Қазақстан активтерін қалпына келтіру қоры» немесе «Елге қайтару қоры» деген оппозициялық топтың маңызды байланыстарының бірі.
Сондықтан ол активтерді қалпына келтіру жөніндегі жаңа конференцияның жоспарын талқылау үшін сәуір айының соңында Қазақстаннан Лондонға ұшты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық