Әкесі 11 жасар қызын намаз оқуға мәжбүрлеп соққыға жыққан
Атырауда 11 жасар қызды өз әкесі ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрледі, деп хабарлайды ATPress.
Қаладағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызметкері әлеуметтік желідегі жазбасында айтқанындай, қыз оларға 20 қаңтарда түскен. Ол небәрі 11 жаста, үйден қашып кеткен. Өз әкесі оны бірнеше жыл қорлап, ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген.
«Оқиға бәрімізді үрейлендірді. Қыздың әңгімелеріне қарағанда, оның әкесі «уахабис». Бірнеше жылдан бері ұрып-соғып, мазақ етіп, намаз оқуға мәжбүрлеген. Талай рет ол сөзіне құлақ аспасаң өлтіремін деп қорқытқан» деп жазады автор.
Жәбірленушінің анасы түрмеде жазасын өтеп, баласын әкесіне қалдырып, отбасын тастап кеткен.
«Өткен қарашада кезекті ұрып-соғудан кейін қыз анасының әжесінен оны балалар ауруханасына апаруын өтінген. Онда дәрігер оның көптеген жарақаттары, көгерген жерлері және қабырғасының сынғанын анықтады. Әкесінің қорлығынан қорыққан қыз дәрігерге бар шындықты айтпаған» делінген хабарламада.
Жасөспірім сыныптасының әкесіне шағымданды. Ер адам оны полицияға апарып, қорқыту мен ұрып-соғу туралы айтып берді. Осыдан кейін полицейлер оны кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына орналастырды. Автордың жазғанындай, қыздың екінші әжесі қалаға танымал заңгер, ол ұлына қарсы куәлік бермеу үшін оған қысым көрсетпек болған-мыс.
Қазір қыз орталықта. Онымен орталықтың психологтары мен мұғалімдері үздіксіз жұмыс істейді. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Азаптау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық