Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі тыңдармандармен қайта қауышады
Бүгін Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Дос-Мұқасан» ансамблі журналистермен кездесіп, ұжымының алдағы жоспары туралы айтып берді.

Мұрат Құсайынов «Дос-Мұқасан» вокалдық-аспаптық ансамблі «Алматым» атты жаңа әнді жарыққа шығарғанын хабарлады. Туындыда көпұлтты Қазақстан мен Алматы туралы баяндалады.
Сондай-ақ ол «Дос-Мұқасан» көркем фильмі өнер ұжымының қайта түлеуіне, шығармашылық қуат алуына әсер еткенін баса айтты. Өнер иесінің пікірінше, көркем фильм арқылы жас буын «Дос-Мұқасан» әндеріне мойын бұрған.

Айта кетейік, 2022 жылы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Дос-Мұқасан» көркем фильмі жарық көрді. Бас продюсер Айгүл Байбек сол дәуірдегі музыкалық шығармашылықтың жастар арасындағы әсері мен қоғамдағы көріністерін жеткізгісі келгенін атап өтті.
6 маусым күні Республика сарайында «Дос-Мұқасан» ансамблінің концерті өтеді. Қазақстанның 14 облысын аралап шыққан өнер иелері шығармашылық кеште жаңа әндер шырқалатынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық