«Әйелі туралы жазғаныма ренжіген»: журналист Михаил Козачковтың хаты
18 желтоқсан күні «ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектесті» деген күдікпен ұсталған журналист Михаил Козачков өзіне тағылған айыптың барлығын жоққа шығарып отыр.
Елдос Қоспаевтың рейдерлік әрекетіне қол ұшын созды деген деректердің жалған екенін журналист өз адвокаты арқылы жіберген хатында мәлімдеген. Хаттағы ақпаратқа сәйкес, оның ұсталуы Қаржылық мониторинг агенттігінің басшысы Жанат Элимановпен тікелей байланысты делінген.
«Элиманов әйелі туралы жазған мақалама ренжулі. Мен оның әйелі қаржылық пирамида ісінде жәбірленуші болған кезінде сол туралы жазғаным рас, ал Элиманов шамасы ренжіп қалған сияқты» делінген адвокат Елена Жигаленоктың парақшасында жарияланған Козачковтың ашық үндеуінде.
Ол 52 млн теңге алу туралы ақпаратты да нақақтан жабылған жала, өтірік деп жазған.
«Мен бұл айыптардан қорықпаймын. Мен алды делінген миллиондарды көрсетуді ғана сұраймын. Дүйім елдің көзінше сотта қалай дәлелденетінін көрейік» дейді Козачков.
Ол өзін тым аңғал болғаны үшін ғана кінәлі деп санайды.
«Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін елімізде Жаңа, Әділетті Қазақстан құрғысы келетініне тез сеніп қалдым. Мен біздің халқымыз Қазақстанда 30 жыл бойы сыбайлас жемқорлық шөлін аралап шыққаннан кейін, ақыры нағыз әділеттілік болады, шенеуніктердің бейберекеттігі тоқтайды және біз өз балаларымызды тыныш өсіре аламыз деп ойладым» деп жазады журналист.
Казачковтың айтуынша, ол уақытша ұстау изоляторында бір тәуліктен астам уақыт болған және оған әлі ресми айып тағылған жоқ.
«Осыған байланысты мен тіпті куәлік бере алмаймын, күні бойы адвокаттармен бірге отырып тиісті қаулыны күтудеміз» деп жазды Козачков.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық