Әбіләзов ісіндегі жаңа иірімдер
Сурет: The Diplomat
Мұхтар Әбіләзов ісі жаңа қарқынға ие болды деп жазады фразцуздық Economie Matin. Қашқын олигархты Қазақстанға экстрадициялаймыз деп қорқытып отыр ма? Orda.kz осы сұрақтың жауабын іздеп көрді.
2022 жылы 8 желтоқсанда Францияның пана беру жөніндегі ұлттық соты Мұхтар Әбіләзовты саяси эмигрант мәртебесінен айырды. Басылымның хабарлауынша, сот Мемлекеттік кеңестің осыдан бір жыл бұрын шығарған қорытындысын қуаттаған.
Сот Мұхтар Әбіләзовтің қазақстандық режимнің белгілі қарсыласы екенін мойындайды және президент Нұрсұлтан Назарбаев кеткеннен кейін де солай болып қала береді. Оппозициялық әрекеттері үшін қудалаудан қорқу – оның саяси эмигрант мәртебесін сақтап қалуды жақтайтын дәлелдері осындай болды.
Ал Economie Matin Францияның Мұхтар Әбіләзовті Қазақстанға экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандыратынына онша сенімді емес. Бұл Ресей мен Украинаға да қатысты, ол жақта да Мұхтар Әбіләзов «біраз былықтырды», нәтижесінде ол бірнеше миллиард доллар жымқырғаны үшін сырттай сотталды.
Украина қақтығыс ошағына айналды, сондықтан ол жаққа экстрадициялау мүмкін емес. Бұл жағдай Ресейге де қатысты. Басылым Ресей Федерациясына экстрадициялаудың мүмкін еместігін ресейлік сот жүйесі мен қазіргі геосаяси жағдайдың француз критерийлерінен өте алшақ екендігімен түсіндіреді.
Саяси қашқындар тартысы
Француз сотының бәрі соншалықты «мінсіз», сүттен ақ судан таза ма?
Басылым Ұлттық баспана сотының 1951 жылғы 28 шілдедегі Женева конвенциясы ережелеріне негізделгенін, онда босқындар мәртебесі жіпке тізіліп талқыланғанын жазады. 1, F бабында басқа елге келгенге дейін өзінің туған елінде «жалпы құқықтық бойынша ауыр қылмыс» жасаған адамдарға босқын мәртебесі берілмейтіні айтылған.

Мұхтар Әбіләзовтің Франция түрмесінен шыққан сәті. Сурет: Open Source Investigations
Ең қызықтысы мәртебенің «алып тастау тармағында» кеткен қатеден басталады. Мемлекеттік кеңестің 2022 жылғы 21 маусымдағы шешімімен белгілі бір мөлшердегі экономикалық құқық бұзушылықты да «жалпы құқықтық ауыр қылмыс» ретінде дәрежелеуге болады.
Мемлекеттік кеңестің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы шешімінде бұл туралы айтылған және Ұлттық пана соты былай деп есептейді: болжамды жымқыру сомасы мен осы жағдайда мәртебе берудің саяси себебінің жоқтығы Мұхтар Әбіләзовтің ауыр қылмыс жасағанын көрсетеді.
Мұхтар Әбіләзовті босқын мәртебесінен айыру арқылы сот ақыры олигархтың Еуропаға қашуына оның өз еліндегі құқық қорғау органдары тергеуіне жол бермеу ниеті себеп болғанын мойындады. Сондықтан Әбіләзовті саяси эмигрант мәртебесінен айыру Францияның құқықтық имиджін қалпына келтіреді. Атап айтқанда, азаматтары олигарх әрекетінің құрбанына айналған елдерде.
Әбіләзовті Қазақстанға экстрадициялау мүмкін бе?
Өткен аптада ғана Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Әбіләзовті Қазақстанға экстрадициялау туралы еліміздің өтініш білдіретінін айтқан болатын. Басылымның хабарлауынша, қазір Франция мен Қазақстан арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім жасау бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Және бұл бір нәрсені меңзейді.
Дегенмен, келісім экстрадицияны қамтыған күннің өзінде Францияның Қазақстанға экстрадициялау туралы өтінішті қабылдау мүмкіндігі аз. Бұл парадокс болып шығады: Ұлттық баспана соты Әбіләзовті алдымен босқын ретінде танып, одан кейін одан айырды, сонымен бірге қашқын олигархты саяси қарсылас деп таныды.
Сонда Әбіләзовті экстрадициялау жағы не болмақ? Мәртебесінен айырылса да оны елге қайтару мүмкін бе?
Economie Matin пікірінше, Қазақстанның орнына қашқын олигархты жіберу туралы өтінішті Ұлыбритания жасауы керек. Онда қашқын миллиардер қылмыстық іс бойынша айыпталып үлгерді. Ал Әбіләзовтің Тұманды Альбионда болуы Францияға қашуымен аяқталды, ол осы күнге дейін сол елде қалды. Айтпақшы, ол он жылдан астам уақыт бойы британдық соттардан да жасырынып жүр.
Егер Әбіләзов Ұлыбританияға экстрадицияланса, Франция француз-қазақ қатынастарының белсенді дамуы жолында қара дақ болып көрінетін өзінің жанжалды қонағымен үнсіз қоштаса салады. Дегенмен, Әбіләзов қазақстандық құқық қорғау органдары алдында жауап бере ме, жоқ па, бұл сұрақтың жауабы уақыт еншісінде.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты