Қадыров Украинадамын деп өтірік айтты – БАҚ
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Киев маңында арандатушылық тудыратын видеолар жариялағанымен, соңғы аптада Украина аумағында болған жоқ.
Бұл туралы «Украинская правда» Украина Қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздеріне және онлайн-сервистердің деректеріне сілтеме жасап хабарлады.
Наурыздың 13-і күні Қадыров Украинадағы жағдай туралы баяндады деген видео жаппай таралды. Видео Киев маңында түсірілген деген болжам бар.
Сонымен бірге, Украина билігі Қадыровтың Украинада болғанын растамады. Алайда, президент аппараты басшысының кеңесшісі Алексей Арестович Украина қарулы күштері Рамзан Қадыров ел аумағында болса, оның көзін жоюға уәде берді. Арестовичтің сөзіне тез жауап қайтарылды.
Қадыров өзінің Telegram-арнасында: «Неге «егер» дейді? Видеоны көрмедің бе, әлде есігіңді қағуым керек пе?» деді.
14 наурызда Қадыров Киевтен 25 шақырым жерде орналасқан Гостомельде екенін хабарлады.
Украинаның ішкі істер министрлігінде Қадыровтың Украинаға келген ақпаратын растамады. Министрлік басшысының кеңесшісі Вадим Денисенконың айтуынша, бейнеролик шешендерге ауыр шығын кезінде өздерін ақтау үшін жасалған. Себебі, соғыстың алғашқы күндері Киев түбінде Қадыров гвардиясының едәуір бөлігі жеңіліске ұшырады. Атап айтқанда, оның бір генералы қаза тапты.
Украина қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздің хабарлауынша, Қадыров екі телефон нөмірін пайдаланады. Украиналық ұялы байланыс операторларының соңғы 7 күндегі деректері Қадыров нөмірлерінің роуминг арқылы украиналық байланысқа қосылмағанын көрсетеді.
Журналистер қоғамдық онлайн сервис арқылы Қадыровтың телефон нөмірі қай ел мен қалада екенін тексерді. Қызмет нөмірді табуға мүмкіндік беретін сілтеме жасады. Алайда ештеңе таппайды.
«Біз Қадыровқа Telegram мессенджерінде хабарлама қалдырдық. Өзімізді РИА Новости журналисі деп таныстырдық және Қадыровтың айтуынша, ол Украинада және Киев маңында болған күні мақалаға сілтеме қостық» деп жазады басылым.

Қадыров сілтеме бойынша жүрді. Сондықтан басылым оның қозғалысы туралы мәліметтер ала алды. Алынған деректер оның Украинада болмағанын көрсетеді.

Қосымша Қадыровтың келесі геолокациясын анықтады: Ресей Федерациясы, Грозный қаласы.
Демек, Қадыров Украинадамын деп өтірік айтқан. 15 наурызда Қадыровтың өзі бірнеше күн бұрын Украинаға келетінін мәлімдегенімен, Грозныйда болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық