Қадыров қазақ халқынан кешірім сұрады
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қазақ халқына тіл тигізгені үшін кешірім сұрады.
Кешірім видеосын Қадыров өзінің telegram-арнасында жариялады.
– Ассалаумағалейкум, құрметті достар мен бауырлар! «Рамзан қазақ халқы туралы айтты» дегендерге қатты ренжідім. Сендерге қарағанда менің қазақилық деңгейім жоғары. Менің әкем Қазақстанда дүниеге келген. Менің атам Қазақстанда жұмыс істеген. Атамның ағасы Қазақстанда жерленген. Мен өмірімде қазақ халқы туралы жаман сөз айтқан емеспін. Мен жалпы саясатты айтып отырмын, — деді Рамзан Қадыров.
Ол өзінің сөздерінен «саясат» жасамауды сұрады.
– Мен қазақ халқын өте жақсы көремін. Мен өте ризамын. Жалғыз мен емес, бүкіл шешендер, қазір жоқ ата-бабаларымыз да риза. Біз қазақ халқына қашанда алғыс айтып, бірге болдық. Мен де айтайын... Сталин қарғыс атсын, бізді қуып шыққанда КСРО болды, ал Қазақстан Сталинге бағынды. Ал бізді осы сталиндік режим қуып жіберді, ол кезде Қазақстан осы мемлекеттің құрамында болды, – деді Шешенстан басшысы.
Қадыров «бауырлас болып қалуға, бір-бірімізге ризашылық пен құрмет көрсетуге» шақырды.
– Кей қазаққа қарағанда менің қазақилық деңгейім жоғары. Қазақстанға көмек керек болса, қазақ халқының қасында бірінші болып мен тұрамын. Олар (ҰҚШҰ – Ред.) неге шара қолданбайды? Неге олар мәлімдеме жасамайды? Олар бүгінде елімізді неге қолдамайды?, — деп сұрады Қадыров.
Қазақстан мен Сібірде бізді мүмкіндігімізге қарай, барынша қабылдады. Ендеше, ағайындық қарым-қатынасымыз нығайып, біз бір-бірімізге қолдайық, – деп түйіндеді Қадыров.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық