Адвокаттар Шамалғандағы атыс бойынша айыпталушылардың кім екенін айтты
Коллаж Ulysmedia.kz
Бір жарым ай бұрын Елбасының туған жері Шамалғанда атыс ашқан жастардың кім екені белгілі болды.
Ulysmedia.kz хабарлауынша, 7 наурыздан бастап полиция қылмыстық іс бойынша ақпаратпен аз бөлісіп отырған. Баспасөз хабарламаларында олар қарулы қақтығысқа қатысушылардың болжамды саны туралы жазып, осы қылмыстық іс бойынша тергеу изоляторында 17 адамның қамауда отырғанын хабарлаған. Бірақ полиция департаменті атыс себептері туралы әлі үнсіз, іс бойынша айыпталушылардың аты-жөні де құпия.
Оқиғаға Нұрбол Назарбаевтың қатысы бар және тергеу изоляторында «Көпшік» атымен белгілі Көпжасаровтың жатқаны туралы инсайдерлік ақпараттан басқа ештеңе анықталмады.
Ал күтпеген жерден ұсталғандардың бірінің адвокаттары хабарласса керек.
«Бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен 1988 жылы туған Нұрғазыұлы Бауыржанға қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бірақ Нұрғазыұлы Бауыржан ешқашан Нұрбол Назарбаевқа қарсы куәлік берген емес» деді адвокаттар.
Сөйтіп, олардың арқасында Шамалғандағы атыс оқиғасы бойынша ұсталған 17 адамның бірінің аты-жөні белгілі болды.
Бауыржан Нұрғазыұлы деген кім?

Бауыржан Нұрғазыұлы атақты адамдардың қатарына жатпайды. Бірақ қарапайым дейін десең, ондай адам емес екенін байқауға болады. Оған дәлел - БАҚ-қа тараған ақпараттар. Ол тек спортшы және үздік футболшы ғана емес, сонымен қатар «БН Қаскелең» футзал клубының президенті. Ол 2017 жылы «Барыс» базары әкімшілігінің өкілі ретінде Алматыдағы әйгілі көтерме сауда орнындағы өртке қатысты БАҚ арқылы түсініктеме берген. Бір жылдан кейін Нұрғазыұлы «Барыс 4» компаниясының директоры болып, көтерме сауданың алдағы модернизациясы туралы айтты.

Алайда Бауыржанның есімі нағыз сенсация тудырды. Қаңтар айында БАҚ Болат Назарбаевтың Қазақстаннан қашып кеткені туралы ақпарат таратқан. Көрші елдің шекарашылары 6 қаңтар күні таңертең Елбасының інісі мен «тағы бес-алты адам» «Ақжол» бақылау-өткізу бекеті арқылы шекараны кесіп өткенін хабарлады. Сонымен бірге Азаттық басылымы Болат Назарбаевтың төлқұжаттарының көшірмелерін жариялады. Онымен бірге Нұрсайын Назарбаев пен Бауыржан Нұрғазыұлы болғаны хабарланған.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, яғни ол өз еліне оралған. Бірақ қазір бұрынғыдай қамқоршысы жоқ болса керек. Заңгерлердің не себепті Бауыржанның есімін жария еткені белгісіз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық