Адвокаттар LRT жобасы бойынша айыпталушыларды босатуды талап етуде
Елордада LRT құрылысы кезінде қаржы жымқырды деген бес айыпталушының адвокаттары қамқорлығындағыларды қамаудан босатуды талап етіп отыр.
2019 жылдың күзінен бері бес адам уақытша ұстау изоляторында отыр. Десе де, адвокаттардың айтуынша, заң бойынша қамауда ұстау мерзімі 18 айдан аспауы керек екен. Бұндай жағдайда адамдарды соттау керек немесе босату қажет.
— Біз қамауға алудан басқа бұлтартпау шарасын қолдануды талап етеміз. Кепіл, үйқамақ немесе ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеме бар, – дейді адвокаттардың бірі Нұрлан Оразалин.
Сотталушылардың қорғаушылары бұл жағдайды адам құқығын бұзу деп санайды және оны азаптаумен теңестіруге болатынын айтады. Осы тақырыпқа назар аудару үшін заңгерлер брифинг өткізді. Олар өз клиенттерін дереу қамаудан босату керек деп есептейді.
— Қазір тергеу аяқталды, қатысушылар таныстыру сатысында. Бұл ретте айыпталушыны ұстаудың ең ұзақ мерзімі 18 айдан аспауы керек. Одан әрі ұзартуға рұқсат етілмейді. Меніңше, бұл көзге ұрып тұрған факт, – дейді заңгер Салтанат Құдасова.
Заңгерлердің айтуынша, LRT құрылысы кезінде қаржы жымқыру ісіне қатысы барлар кінәлі емес деуге болады. Қасабаев ісі бойынша сотталушылардың бірінің адвокаты бұл туралы тіпті уәж айтты.
— Менің қорғауымдағы Қасабаевтың не себепті түрмеде отырғанын білмеймін. Кәсіпорынның 256 миллион теңгеге келісім шарты бар еді, ол барлық жұмысты атқарды, бұл құжатта бар. Оған қосымша 50 миллион төлемегені де дәлелденді. Оған қосымша ақы төленбесе, қандай жымқыру туралы айтуға болады? - дейді адвокат Қанат Әбішев.
2019 жылдың күзінен бері Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы кезінде ақша жымқырды деген айыппен бес адам қамауға алынған.

Қорғаушы тараптың айтуынша, прокуратура қамауда ұстаудың жалпы мерзімін қабылдамайды, тек аралықтарды ғана есептейді, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру 9 ай. Жақында қаржы жымқыру ісі бойынша үкімнің күші жойылады.
— Түрме уақытын есептеудің барлық қыр-сырлары сотталушылар үшін ештеңені өзгертпейді, қалай отыр, солай отыр. Оған адам құқығы призмасы арқылы қарау керек. Жалпы мерзімі қалай есептесе де 28 айдан асып кетті, – дейді заңгер Нұрлан Оразалин.
Қазір тергеу сотында 353 том бар, оған халықаралық іздеуде жүрген екі адамның (жетісінің бесеуі қамаудағы) істері қосылды. Заңгерлер сендіргендей, олар істермен танысып жатыр, бірақ 6-7 томға жуық іс әлі де қолжетімді емес.
Еске салайық, тергеушілердің мәліметінше, LRT құрылысы кезінде 5,8 млрд теңге ұрланған. Қылмысты ұйымдастырушылар ретінде елорда әкімінің экс-орынбасары Сұлтанбеков пен «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан саналады. Екеуі де халықаралық іздеуде. Соңғы мәлімет бойынша, Ардан Түркияда, Сұлтанбеков АҚШ-та жасырынып жүр.
Бұған дейін елорда прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің LRT-нің жанжалды ісін тергеуге кедергі жасағаны туралы ақпаратына қатысты түсініктеме берген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық