Адвокат шенеуніктердің жалақысын төмендетуді ұсынды
Адвокат Жангелді Сүлейманов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) басшыларының жалақысы туралы айтты.
Бұл туралы Orda.kz адвокат Жангелді Сүлеймановтың Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлады.
Адвокат өзінің Facebook-тегі парақшасында БЖЗҚ басшылары 2018 жылы орташа есеппен 2,3 миллион теңге алғанын, ал 2019 жылы ӘМСҚ-да жалақы шамамен 1,6 миллион теңге болғанын айтты.
– Сондай-ақ, жүздеген ұлттық компаниялар бар, олар БЖЗҚ мен ӘМСҚ-ға қарағанда көбірек алады.
Біздің көптеген адамдар 50-60 мың жалақы алады. Яғни, кейбіреулерге қарағанда 30-50 есе аз. Қарапайым адамның БЖЗҚ басшылары бір жылда алатын 27 миллион теңгені табуға өмірлері де жетпейді. 50 мың жалақымен 40 жылда 24 миллион ғана жинауға болады, - деп жазды Жангелді Сүлейманов.
Сүлейменовтың айтуынша, мұндай жағдай елде «қалыпты» болмауы керек. Адвокат дәл осы «паразиттер» әлеуметтік алауыздықты қоздырады және халық арасында шенеуніктерге деген өшпенділікті қалыптастырады деген ойда.
Адвокат президентке шенеуніктердің жалақысын шектеу туралы ұсыныспен жүгінген.
Оның пікірінше, бұл бастаманы жүзеге асыру кадр тапшылығына әкелмейді. Жалпы, қазір қазақстандықтар айына 50 мың теңгеге жұмыс істеуге дайын, ал 267 мың адам мемлекеттік қызметке үміткерлер ретінде ұзын сонар кезекке тұрады.
– Жалпы, мен министр ретінде тегін жұмыс істеуге дайынмын, - деді адвокат сөз соңында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық