Адвокат Джохар Өтебеков Шымбұлақты сотқа бермекші
Сурет: Егемен Қазақстан
Қазақстандық заңгер Джохар Өтебеков әйелі құлап, ауыр жарақат алғаны үшін «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты әкімшілігін сотқа бермекші екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Адвокаттың айтуынша, оның жұбайы Құндыз Өтебекованы Шымбұлақта шаңғы теуіп жүрген кезінде сноубордшылар екі рет қағып кеткен. Салдарынан әйел құлап, жарақат алған.
«Кез келген лайықты орында осындай қығып-соғып жүретіндер бірден билетінен айрылып, сыртқа шығартылады. Шымбұлақ әкімшілігі кінәлілерді табуға тырысқан да жоқ! Сноубордшылар қашып кетті. Бұл арада камералар да жоқ. Ұят! Олар келушілерден ақша алуды ғана біледі! Бұл ақшаның кепілі қайда?»,- дейді Өтебеков.
Айтуынша ол қыс бойы Шымбұлақтағы қауіпсіздік деңгейін сынаған ондаған жазбаларды оқыған.
«Иә, біз Шымбұлақты міндетті түрде сотқа береміз! – деді Өтебеков.

Orda.kz редакциясы тау-шаңғы курорты әкімшілігінен жағдайға байланысты түсініктеме беруді сұрады. Демалыс орны өкілдерінің айтуынша, олар қазірдің өзінде адвокаттың өтінішін қабылдап, әйелді құлатқан құқық бұзушыларды камералардан анықтауға тырысуда.
Іздестіру мұнда бір жабдықты киетін бір реттік билеті бар көптеген клиенттердің болуына байланысты қиындай түседі екен.
Шымбұлақтың коммерциялық директоры Василий Подкорытовтың айтуынша, шаңғы тебуге келгендер үшін еңісте тұрудың 10 ережесі бар. Бірақ бұл ішкі ережелер және заңға сәйкес, кеңес түрінде ғана. Демалыс орнында қауіпсіздікті қадағалайтын шаңғы патрулі мен шаңғы полициясы бар.
Баурайдағы қауіпсіздік жағдайы келушінің атымен байланыстырылмағандықтан адамды табу қиын, ал егер қонақ ережелерді бұзса, әкімшілік тек оның қолындағы рұқсатты ған бұғаттай алады. Ал сол тәртіп бұзушы жаңа билет алып, қайта сырғанауға шыға береді. Егер рұқсаттамалар құжаттарға байланысты сатып алынса, шипажай тұрақты түрде бұзақыларға жаза қолданып, бір реттік билетті ғана емес, жеке тұлғаның өзіне де шектеу қоя алатын еді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта тау беткейлерінде қозғалыс ережелерін жол ережесіне ұқсас ететін, яғни олар міндетті болып, тәртіп бұзған шаңғышылар жазаланатын заң жобасы әзірленуде. Бірақ мұның бәрі алыс болашақтың еншісінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық